---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/05/zhengildikterding-zhanga-tolqyny-flyarystan-aeue-biletterine-auqymdy-zhengildikter-zhariyalajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жеңілдіктердің жаңа толқыны: FlyArystan әуе билеттеріне ауқымды жеңілдіктер жариялайды

![Жеңілдіктердің жаңа толқыны: FlyArystan әуе билеттеріне ауқымды жеңілдіктер жариялайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/newsletter_messengers-jpg.jpeg)

Жаңа бағыттарды жоспарлайтын уақыт келді! Қазақстанның жетекші лоукостері FlyArystan жолаушылар асыға күтетін «Берекелі бейсенбі» акциясы аясында кезекті жеңілдіктер науқанын ұсынады.

Қысты жылы елдерде қарсы алуды, басқа қаладағы жақындарыңызға баруды немесе жаңа елмен танысуды жоспарлап жүрсіз бе? Дәл қазір саяхатты тиімді бағамен ұйымдастыруға тамаша мүмкіндік бар, себебі ішкі рейстерге – **25%,** халықаралық рейстерге **– 20% жеңілдік** ұсынылады.

Арнайы бағамен әуе билеттерін **2026 жылғы 5–8 қараша** аралығында алуға болады. Армандаған бағытыңызды таңдап, сапарыңызды үнеммен жоспарлауға төрт күн уақытыңыз бар!

Жеңілдік **2027 жылғы 18 қаңтар мен 3 наурыз** аралығындағы рейстерге арналған әуе билеттері мен тарифтік пакеттерге қолданылады. Қысқы демалыс, жаңа қаладағы демалыс күндері немесе көктемдегі саяхат болсын – сапарыңызды алдын ала жоспарлап, тиімді бағамен ұшыңыз. Арнайы бағамен ұсынылатын билеттер саны шектеулі, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Науқан авиакомпанияның барлық бағыттарына қолданылады. Алайда төмендегі бағыттар науқаннан тыс:

- Алматы – Павлодар – Алматы
- Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы

Әуе билеттерін авиакомпанияның [ресми сайтынан](https://flyarystan.com/kk/) және [мобильді қосымшасынан](https://apps.apple.com/ru/app/flyarystan-%D0%BA%D1%83%D0%BF%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%B0-%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D1%82/id1495170134) сатып алуға болады.

**«Берекелі бейсенбі»** – FlyArystan компаниясының апта сайынғы науқаны. Оның аясында жолаушылар әуе билеттерін арнайы тарифтермен сатып ала алады. Бұл бастама авиакомпанияның әуе сапарларын қолжетімді етуге және Қазақстан ішінде, сондай-ақ шетелге саяхаттауға көбірек мүмкіндік ұсынуға деген ұмтылысын көрсетеді.

---

Жарияланды: 2026-11-05T09:37:27+06:00

Жаңартылды: 2026-11-05T09:37:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/05/zhengildikterding-zhanga-tolqyny-flyarystan-aeue-biletterine-auqymdy-zhengildikter-zhariyalajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.