---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/11/05/annenskaya-shahtasynyng-aekimshilik-turmystyq-kesheni-zhangartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Анненская» шахтасының әкімшілік-тұрмыстық кешені жаңартылды

![Анненская» шахтасының әкімшілік-тұрмыстық кешені жаңартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/11/photo_2026-11-05_11-09-57.jpg)

Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында әкімшілік-тұрмыстық кешенді (ӘТК) жөндеу жұмысы аяқталды. Жұмыс Қазақмыстың еңбек жағдайын жақсарту сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Ғимараттағы 68 кабинетке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, қабырғалар, төбелер, есіктер мен еден жабындары жаңартылды. Күнделікті пайдаланатын санитарлық-тұрмыстық және жуынатын бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.

Ішкі кеңістікті безендіруге ерекше назар аударылды. Әкімшілік-тұрмыстық кешеннің қабырғаларына «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің, қазақстандық ағартушылардың, ғалымдардың, ақындар мен жазушылардың портреттері орналастырылды. Кіреберісте жұмыскерлердің қолымен жасалған мемлекеттік рәміздер стенді орнатылды. Бірінші қабатта кофехана ашылды.

Кешеннің айналасы да көркейтілді. Мұнда ағаштар мен гүлдер отырғызылып, бұрғылау машинасына арналған ескерткіш орнатылды және субұрқақ салынды.

«Анненск» шахтасының тұрмыстық кешенін жаңарту Қазақмыстың инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болды. Оның негізгі басымдықтарының бірі – жұмыскерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру.

2026 жылы Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге қарастырылған.

Бағдарлама «Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi» өндірістік бірлестігінде 38 нысанды қамтиды. Жөндеу жұмысы Оңтүстік Жезқазған, Батыс Жезқазған кеніштерінде, «Жомарт» кенішінде, Жезқазған байыту фабрикасында және Мамандандырылған энергия-жөндеу басқармасында жүргізілді.

Бағдарлама жұмыскерлердің еңбек етуі мен демалуын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Жуынатын бөлмелерді тұрмыстық орындарды, тамақтану нысандары мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту өндірістік кәсіпорындарда қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2026-11-05T06:11:30+06:00

Жаңартылды: 2026-11-05T06:11:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/11/05/annenskaya-shahtasynyng-aekimshilik-turmystyq-kesheni-zhangartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.