---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/26/bejzhingde-ulttyq-muramyz-ulyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бейжіңде ұлттық мұрамыз ұлықталды

![Бейжіңде ұлттық мұрамыз ұлықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-1-3.jpeg)

Республика күніне орай Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы және турнир өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

Жиынға дипломаттар, студенттер, білім және өнер саласының өкілдері, сондай-ақ Бейжің тұрғындары қатысты. Шеберлік сабағына келген 50-ге жуық адам тоғызқұмалақтың тарихы мен ережелерімен танысып, ұлттық зияткерлік ойынымызды ойнап көрді.

Турнирде 32 қатысушы бақ сынады. Олардың екеуі — Қазақстан азаматы. Бірінші орынды 13 жастағы қазақстандық жас спортшы иеленсе, екінші және үшінші орындарды Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің студенттері жеңіп алды. Жүлдегерлерге Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

> “Іс-шара аясында Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы мен Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тоғызқұмалақты Қытайда кеңінен насихаттауға, мәдени, білім беру және спорттық іс-шараларды бірлесіп өткізуге жол ашады. Бұл біз үшін ашылған тағы да бір көкжиек”, - дейді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов.

Федерация өкілдері ұлттық мұрамызды халықаралық деңгейде танытуға үлес қосқан ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтты. Тоғызқұмалақ елдер мен ұрпақтарды жақындастырып, қазақ мәдениетінің қадірін әлемге таныта бермек.

---

Жарияланды: 2026-10-26T12:54:40+06:00

Жаңартылды: 2026-10-26T12:54:40+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Спорт](https://qazaqpress.kz/tag/sport/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/26/bejzhingde-ulttyq-muramyz-ulyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.