---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/23/qazaqmys-metallurgi-aebdirashit-dospanovqa-qazaqstannyng-engbek-eri-ataghy-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» металлургі Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

![«Қазақмыс» металлургі Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-1-8.jpg)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа өндірістік қызметтегі айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.

Мемлекет басшысы әкесінің жолын жалғастырып, 40 жылдан астам уақыт металлургия саласында еңбек етіп келе жатқан және кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретіп жүрген металлургтің еңбегін ерекше атап өтті.

> «Өзінің кәсіби шеберлігі мен еңбекке адалдығының арқасында ол зор жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына елеулі үлес қосты», – деп атап өтті Президент.

Әбдірашит Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» орденітабысталды.

[![Иллюстрация — «Қазақмыс» металлургі Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/foto-2-3-768x1024.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/foto-2-3.jpg)

Бұл жоғары марапат – Әбдірашит Доспановтың көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы ғана емес, күнделікті қажырлы еңбегімен отандық өнеркәсіптің дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

---

Жарияланды: 2026-10-23T11:26:57+06:00

Жаңартылды: 2026-10-23T11:26:57+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqmys-korporaciyasy-zhshs/), [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/23/qazaqmys-metallurgi-aebdirashit-dospanovqa-qazaqstannyng-engbek-eri-ataghy-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.