---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/19/pink-october-mega-alma-ata-sauda-ortalyghynda-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «PINK OCTOBER» MEGA ALMA-ATA сауда орталығында өтті

![«PINK OCTOBER» MEGA ALMA-ATA сауда орталығында өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-1-6.jpg)

18 қазанда MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында «PINK OCTOBER» іс-шарасы өтті. Бұл ProHealth.kz пен Қазақстан онкологтар қауымдастығының әлеуметтік жобасы. Ол медициналық ағартуды, әйелдердің жеке тарихын және сәндік өзгерісті біріктірді.

Іс-шараның басты кейіпкерлері - сүт безі обыры диагнозымен бетпе-бет келген әйелдер. Олар өз тарихымен бөлісіп, басынан өткерген сынақтар туралы және қалай алға қарай өмір сүру жайлы әңгімеледі. Олардың сөзі қолдаудың және өзіне қамқорлық жасаудың маңызын еске салды. Сондай-ақ өмірдің қиын кезеңдерінде де өзіне деген сенімді сақтауға болатынын көрсетті.

Сөз сөйлегеннен кейін қатысушыларды сәндік өзгеріс күтті. Оған BEAUTYMANIA визажистері мен Adili және MANGO fashion-серіктестері қолдау көрсетті. Бағдарлама дефилемен аяқталды: кейіпкерлер подиумға Adili және MANGO брендтерінің жаңа образдарымен шықты.

[![Фото: Юрий Выблов](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/foto-2-1-1024x683.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/foto-2-1.jpg)Фото: Юрий Выблов

Іс-шараның маңызды бөлігі медициналық бағыт болды. Онколог дәрігерлер Мұратжан Исаұлы Сақтағанов пен Назгүл Алдарбекқызы Омарбаева сараптамалық пікір білдірді. Олар сүт безі обырының алдын алу, ерте диагностиканың маңызы және тұрақты тексерілудің қажеттілігі туралы айтты.

> «Қазақстанда сүт безі обыры сырқаттанушылық бойынша бірінші, ал өлім-жітім бойынша төртінші орында тұр. Статистика бойынша әрбір сегізінші әйел өмір бойы сүт безі обыры диагнозына тап болу қаупінде. Сондықтан бұл жобаның маңызы зор. Жобаның әрбір қатысушысы бәрімізге төзімділік пен шабыттың үлгісі. Олардың тарихы ерте диагностиканың, жақындары қолдауының және заманауи емдеу әдістерінің бұл аурумен күрестегі маңызын еске салады», – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының президенті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Диляра Радикқызы Қайдарова.

> «Рrohealth.kz пен Қазақстан онкологтар қауымдастығы Алматыда «PINK OCTOBER» жобасын бірінші жыл өткізіп отырған жоқ. Біз сұлулық пен әйелдердің жеке тарихы арқылы сүт безі обыры тақырыбына назар аударамыз. Қатысушыларымыздың тарихы әйелдерді осы қазан айында-ақ тексеруден өтуге шабыттандырады деп сенеміз. Ерте диагностика өмірді сақтап қалады және сәтті емделу мүмкіндігін арттырады. Бұл жоба денсаулық, сұлулық және әйел күші туралы, бірлік пен қолдау туралы. Біз ауруды жеңуге болатынын көрсеткіміз келеді. Сондай-ақ әр әйелге алдын алу мен тұрақты тексерілудің маңызын еске салғымыз келеді. Биыл жобаға MEGA Alma-Ata СОО қосылғанына қуаныштымыз. Сауда орталығының командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Олар іс-шараны Алматының ең танымал алаңдарының бірінде өткізуге мүмкіндік берді, бұл әйел денсаулығы тақырыбына бұдан да көп назар аударуға көмектеседі», – деді жоба ұйымдастырушысы, prohealth.kz баспагері Адель Ануарбекова.

Дефиледен кейін қатысушылар мен концептуалды имидж-стилист Татьяна Чекишева өзгерістен алған әсерлерімен бөлісті. Олар әр кейіпкер үшін өзіне сенімділік, өзін қабылдау және өз денсаулығына қамқорлық нені білдіретінін талқылады.

«PINK OCTOBER» жобасы медицинаны, сәнді және жеке тарихтарды біріктірді. Мақсаты әйел денсаулығы тақырыбына назар аудару және қолдау кеңістігін құру болды. Жобаның басты идеясы сыртқы келбетке қамқорлық пен денсаулыққа қамқорлықтың бір-бірінен ажырамайтынын еске салу. Сонымен қатар тұрақты тексерілу мен дәрігерге уақтылы жүгінудің маңызы зор екенін көрсету.

[![Фото: Юрий Выблов](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-2-6-1024x683.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-2-6.jpg)Фото: Юрий Выблов

Ұйымдастырушылар осы күнді ерекше етуге көмектескен жоба серіктестері

- BEAUTYMANIA-ға кейіпкерлердің бьюти-образын жасағаны үшін;
- Adili мен MANGO-ға дефилеге арналған стильді образдар үшін;
- имидж-стилист Татьяна Чекишеваға қатысушылардың образын жасауға көмектескені үшін;
- Inqten компаниясына пайдалы сыйлықтар үшін;
- Ecomed компаниясына жобаны қолдағаны үшін;
- Royal Flowers компаниясына қатысушыларға арналған әдемі гүл шоқтары үшін;
- «Камила» көркем гимнастика кәсіби клубына жарқын гимнастикалық шоу үшін айрықша алғыс білдіреді.

Ортақ миссиямызға қосқан үлесі, көрсеткен ықыласы мен қолдауы үшін әрбір серіктесімізге рахмет! Біздің миссиямыз – әйел денсаулығы туралы айту, шабыттандыру және өзіне қамқорлық жасаудың маңызын еске салу.

**Ұйымдастырушылар:** prohealth.kz, Қазақстан онкологтар қауымдастығы, MEGA Alma-Ata СОО.

---

Жарияланды: 2026-10-19T15:51:37+06:00

Жаңартылды: 2026-10-19T15:51:38+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: [MEGA](https://qazaqpress.kz/tag/mega/), [денсаулық](https://qazaqpress.kz/tag/densauly%d2%9b/), [онкология](https://qazaqpress.kz/tag/onkologiya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/19/pink-october-mega-alma-ata-sauda-ortalyghynda-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.