---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/14/efes-kazakhstan-zheti-buerkitti-tabighatqa-zhiberdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Efes Kazakhstan жеті бүркітті табиғатқа жіберді

![Efes Kazakhstan жеті бүркітті табиғатқа жіберді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/mas_3317.jpg)

Efes Kazakhstan компаниясы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі көпжылдық жоба аясында жеті бүркітті табиғи мекеніне жіберді. Экологиялық акция жыл сайын 4 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.

Бүркіт популяциясын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биылғы бүркіттерді табиғи ортаға жіберуді қоса алғанда, жоба басталғалы бері барлығы 36 бүркіт табиғатқа жіберілді.

Құстарды табиғи ортаға жіберуге арналған ғылыми негіздемені Қазақстан Республикасы Зоология институты әзірледі. Мамандар аумақтың табиғи жағдайларын, қорек қорының жеткіліктілігін және бүркіттердің табиғи ортаға сәтті бейімделуіне қажетті өзге де факторларды зерттеді.

Табиғатқа жіберілмес бұрын бүркіттер қажетті дайындықтан өтіп, ветеринариялық тексеруден өтті. Құстарды жіберетін аумақ ғылыми ұсынымдар негізінде таңдалып, олардың тіршілік етуіне және кейіннен таралуына қолайлы мекен ретінде анықталды.

Efes Kazakhstan компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры Шыңғыс Кәскеевтің айтуынша, бүркітті қорғау бастамасы Қазақстанның табиғи мұрасын сақтауға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

[![Иллюстрация — Efes Kazakhstan жеті бүркітті табиғатқа жіберді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/mas_2677-1024x683.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/mas_2677.jpg)

***Efes Kazakhstan компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Чингис Каскеев:***

> «Бүркіт Қазақстанның тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады және еліміздің басты нышандарының бірі саналады. Сегізінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқан бұл жоба арқылы біз Қазақстанның биоалуантүрлілігі мен табиғи мұрасын сақтауға нақты үлес қосуды көздейміз. Бүгін тағы жеті бүркіт табиғи ортаға оралды. Осылайша, жоба аясында еркін табиғатқа жіберілген құстардың жалпы саны 36-ға жетті»

Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні жыл сайын 4 қазанда атап өтіледі. Бұл күн жануарлар дүниесін сақтау, олардың табиғи мекен ету ортасын қорғау және адамның табиғатқа жауапкершілікпен қарауы мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Бүркіттерді табиғи ортаға жіберу жобасы Efes Kazakhstan компаниясының ұзақ мерзімді экологиялық бастамаларының бір бөлігі болып табылады. Жоба салалық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылып, еліміздің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған.

---

Жарияланды: 2026-10-14T17:36:48+06:00

Жаңартылды: 2026-10-14T17:36:49+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Бүркіт](https://qazaqpress.kz/tag/buerkit/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/14/efes-kazakhstan-zheti-buerkitti-tabighatqa-zhiberdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.