---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/08/almatyda-halyk-oiy-tech-2026-konferencziyasy-oetedi-bankingtegi-zhi-ekozhuejeler-zhaene-kiberqauipsizdik-basty-nazarda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Halyk OIY Tech 2026 конференциясы өтеді: банкингтегі ЖИ, экожүйелер және киберқауіпсіздік – басты назарда

![Алматыда Halyk OIY Tech 2026 конференциясы өтеді: банкингтегі ЖИ, экожүйелер және киберқауіпсіздік – басты назарда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/halyk.jpg)

29 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университетінде Halyk OIY Tech 2026 IT-конференциясы өтеді. Іс-шараға IT жас мамандар, инженерлер мен бизнес өкілдерін қоса алғанда, 500-ден астам қатысушы жиналады.

Конференцияны Қазақстандағы ең ірі банк – Halyk ұйымдастырады. Іс-шара цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы Visa компаниясымен серіктестікте өткізіледі. Конференция барысында банктің IT-мамандары, халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдері және жас мамандар ЖИ, деректер мен төлем технологияларының нақты өнімдерде қалай қолданылатынын талқылайды. Атап айтқанда, Super App-тағы ЖИ-агенттерден бастап антифрод жүйелеріне дейінгі шешімдер қарастырылады.

Конференцияға қатысу тегін. Тіркелу [kino.kz](https://kino.kz/concert/event/11359) сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны шектеулі.

Форум бағдарламасы алты тақырыптық блоктан тұрады:

- **Intelligence:** From AI to Agentic Banking. Интеллект: ЖИ-ден агенттік банкингке дейін. Жасанды интеллектінің банк өнімдеріне қалай енгізіліп жатқаны талқыланады. Қатысушылар ЖИ-агенттер, үлкен тілдік модельдер, генеративті ЖИ және төлемдердегі жаңа технологиялар туралы сөз қозғайды. Сондай-ақ автоматтандырудың мамандықтарды қалай өзгертіп жатқаны және болашақ мамандарға қандай дағдылар қажет болатыны талқыланады.
- **Business: Business Without Borders. Бизнес: Шекарасыз бизнес.** Бөлшек және B2B сервистерінің пайдаланушыға ыңғайлы біртұтас тәжірибеге қалай бірігетіні талқыланады. Спикерлер бизнеске арналған төлем технологиялары, эквайринг, чат-боттардан ЖИ-ассистенттерге көшу, сондай-ақ цифрлық экожүйелер мен маркетплейстерді дамыту туралы сөз қозғайды.
- **Ecosystem: Beyond Banking. Экожүйе: банкингтен тыс.**  
Banking-as-a-Service, банктік емес сервистер және инновациялық экожүйелер мен серіктестік желілерді құрудың халықаралық тәжірибесі талқыланады.

- **Trust: The Invisible Technology Behind Halyk. Сенім: Halyk-тің көзге көрінбейтін технологиялары.**  
Жүйелерді жаңарту, корпоративтік архитектура, сондай-ақ аналитика мен ЖИ-ге арналған деректер платформалары сияқты технологиялық инфрақұрылым мәселелері қарастырылады.
- **Киберқауіпсіздік және антифрод.**  
Антифрод жүйелерінің дәстүрлі ережелерден алаяқтардың әрекетін нақты уақыт режимінде талдайтын және соған қарай үйренетін модельдерге қалай көшіп жатқаны талқыланады.
- **Future: Building the Next Halyk. Болашақ: Halyk-тің жаңа буынын қалыптастыру.**  
Банктің 2027 жылға арналған технологиялық және бизнес басымдықтары талқыланады. Банктің 2027 жылға арналған технологиялық және бизнес басымдықтары талқыланады.

Конференция спикерлерінің қатарында Қазақстандағы ірі компаниялардың басшылары және халықаралық технологиялық корпорациялардың сарапшылары бар. Олардың арасында әлемдік бұлттық сервистер провайдерлері, жаһандық төлем және e-commerce платформаларының, деректер платформаларын әзірлеуші компаниялардың және халықаралық стартап-акселераторлардың өкілдері бар.

Visa екінші жыл қатарынан Halyk OIY Tech конференциясының серіктесі болып, банкпен бірге Қазақстандағы цифрлық төлем сервистерін дамытуға үлес қосып келеді.

---

Жарияланды: 2026-10-08T10:34:46+06:00

Жаңартылды: 2026-10-08T10:34:46+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Halyk](https://qazaqpress.kz/tag/halyk/), [Halyk OIY Tech 2026](https://qazaqpress.kz/tag/halyk-oiy-tech-2026/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/08/almatyda-halyk-oiy-tech-2026-konferencziyasy-oetedi-bankingtegi-zhi-ekozhuejeler-zhaene-kiberqauipsizdik-basty-nazarda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.