Алматыда Halyk OIY Tech 2026 конференциясы өтеді: банкингтегі ЖИ, экожүйелер және киберқауіпсіздік – басты назарда

Алматыда Halyk OIY Tech 2026 конференциясы өтеді: банкингтегі ЖИ, экожүйелер және киберқауіпсіздік – басты назарда

29 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университетінде Halyk OIY Tech 2026 IT-конференциясы өтеді. Іс-шараға IT жас мамандар, инженерлер мен бизнес өкілдерін қоса алғанда, 500-ден астам қатысушы жиналады.

Конференцияны Қазақстандағы ең ірі банк – Halyk ұйымдастырады. Іс-шара цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы Visa компаниясымен серіктестікте өткізіледі. Конференция барысында банктің IT-мамандары, халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдері және жас мамандар ЖИ, деректер мен төлем технологияларының нақты өнімдерде қалай қолданылатынын талқылайды. Атап айтқанда, Super App-тағы ЖИ-агенттерден бастап антифрод жүйелеріне дейінгі шешімдер қарастырылады.

Конференцияға қатысу тегін. Тіркелу kino.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны шектеулі.

Форум бағдарламасы алты тақырыптық блоктан тұрады:

Конференция спикерлерінің қатарында Қазақстандағы ірі компаниялардың басшылары және халықаралық технологиялық корпорациялардың сарапшылары бар. Олардың арасында әлемдік бұлттық сервистер провайдерлері, жаһандық төлем және e-commerce платформаларының, деректер платформаларын әзірлеуші компаниялардың және халықаралық стартап-акселераторлардың өкілдері бар.

Visa екінші жыл қатарынан Halyk OIY Tech конференциясының серіктесі болып, банкпен бірге Қазақстандағы цифрлық төлем сервистерін дамытуға үлес қосып келеді.