«Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіттің ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізуде

«Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіттің ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізуде

Жезқазғандағы 3 000 адамға арналған жаңа облыстық мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның құрылысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Таяуда мешіттің ашылу салтанаты болады.

Жаңа мешіт қазірдің өзінде қала тұрғындарының назарын аударуда. Жезқазғандықтар нысанның ашылуын асыға күтіп, әлеуметтік желілерде мешіттің фотосуреттерімен және видеосымен бөлісуде. Қала тұрғындары мешіттің шаһар келбетінде ерекше орын алатынын атап өтуде.

Жаңа мешіт қаланың орталық бөлігінде, Кеңгір су қоймасының жағалауына жақын жерде орналасқан. Қазіргі уақытта нысандағы ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді монтаждау және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.

Иллюстрация — «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіттің ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізуде

Мешіт бір мезгілде 3 000 адамға дейін қабылдай алады және Ұлытау облысындағы ең ірі діни нысандардың біріне айналады.

Иллюстрация — «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешіттің ашылуына дайындық жұмыстарын жүргізуде

Жобаны іске асыру Қазақмыстың Жезқазған қаласы мен өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесінің бір бөлігі болып табылады. Компания қалалық ортаны дамытуға және қоғам үшін маңызды нысандарды салуға бағытталған жобаларды қолдайды