---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/03/ai-daeuirindegi-kapital-investorlar-tehnologiyalyqkompaniyalardyng-oesui-ueshin-basty-sharttardy-atady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# AI дәуіріндегі капитал: инвесторлар технологиялық компаниялардың өсуі үшін басты шарттарды атады

![AI дәуіріндегі капитал: инвесторлар технологиялық компаниялардың өсуі үшін басты шарттарды атады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/10/glav-3-1.jpg)

AI саласындағы негізгі инвестициялық мүмкіндіктер модельдердің өздерімен емес, жасанды интеллектті нақты бизнес-процесске енгізе алатын, өз деректерін жинақтайтын және тұрақты сұранысты дәлелдейтін компаниялармен байланысты болады. Бұл туралы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумындағы «Capital for the AI Era» сессиясының қатысушылары айтты.

Пікірталастың модераторы The Bell басылымының негізін қалаушы Елизавета Осетинская болды. Панельдік сессияға Kraken компаниясының бірлескен бас директоры Дэвид Рипли, Revolut компаниясындағы Data Science және AI бағыттарының атқарушы директоры Павел Нестеров, Alma негізін қалаушылардың бірі Әсел Төлеубаева және Presight стартаптарды акселерациялау және венчурлық капитал бағытының басшысы Ғазиз Сейлханов қатысты.

Пікірталас барысында AI-компанияларды айқындау тәсілінің өзгеруі де сөз болды. Дэвид Риплидің пікірінше, жасанды интеллект кеңінен тараған сайын технология бизнес-модельдердің барған сайын көп бөлігіне енетін болады. Сондықтан ұзақ мерзімді құндылықты тек қолданылатын AI құралдары ғана емес, ең алдымен өнімнің сапасы мен оған деген тұрақты сұраныстың болуы айқындайды.

Мұндай компаниялар мен капиталды тарту үшін олардың дамуына қолайлы орта қалыптастырудың маңызы зор.

> «Талантты мамандардың компания құруына, инвесторлардың оларға қаржы салуына, ал дата-орталықтардың салынуына барынша қолайлы жағдай жасау қажет», — деп атап өтті Дэвид Рипли.

Сонымен қатар, ол инвестициялық тәуекелдердің бірі ретінде инфрақұрылымның дамуы мен AI-компаниялардың бағалануы нақты сұраныстың өсу қарқынынан озып кететін жағдайды атады.

Пікірталас инвестициялық логикадан AI-дың компаниялардың ішінде экономикалық құндылықты қалай қалыптастыратыны туралы мәселеге ойысты. Павел Нестеровтің айтуынша, негізгі көрсеткіш — пилоттық жобалардан технологияны өнімге және бизнес-процестерге толыққанды енгізуге көшу. AI компания үшін оның жұмысы тоқтаған кезде клиенттер немесе қызметкерлер мұны бірден байқайтындай деңгейде қолданылғанда ғана шын мәнінде құнды бола бастайды.

Құндылық қалыптастырудың келесі көзі — салалық AI-шешімдер. Газиз Сейлхановтың айтуынша, өз деректеріне ие, нақты міндеттерді шешетін әрі клиенттердің сеніміне ие компаниялар басымдықта болады. Капитал тарту үшін ол үш факторды атап өтті: энергия, сенім және алғашқы ірі тапсырыс берушінің болуы.

Ал инфрақұрылым мен капиталдың өзі жаңа өнімдер жасай алатын мамандарсыз жеткіліксіз. Әсел Төлеубаева жасанды интеллекттің дамуы сапалы білім мен адами капиталдың маңызын тек арттыра түсетінін атап өтті.

> «Бізде ерекше ақылды әрі талантты студенттер бар. Егер білім беру саласына инвестиция құйсақ, компаниялар да көбейе түседі», — деді Әсел Төлеубаева.

Осылайша, AI саласындағы инвестициялық басымдықтар біртіндеп модельдер төңірегіндегі дүрбелеңнен оларды нақты экономикада қолдануға ауысып келеді. Инвесторлар үшін нақты өнімнің, жеке деректер қоры мен сараптаманың, тұрақты сұраныстың және ауқымды кеңейту мүмкіндігінің маңызы арта түсуде.

Қазақстан үшін бұл AI инвестицияларын тартудағы бәсекенің төрт фактордың үйлесіміне байланысты болатынын білдіреді: инфрақұрылым, кәсіпкерлік орта, адами капитал және технологиялық компаниялардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін ірі тапсырыс берушілердің болуы.

AI & Digital Bridge 2026 форумы туралы форумы Астанада 1–3 қазан аралығында өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері және Астана қаласының әкімдігі.

AI & Digital Bridge 2026 хедлайнерлері – Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, Higgsfield AI компаниясының негізін бірлесіп қалаушы әрі бас директоры Алекс Машрабов және Crimson Education компаниясының негізін бірлесіп қалаушы әрі бас директоры Джейми Битон.

AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру жұмыстары серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында жүзеге асты. Форумды өткізудің барлық шығындары демеушілік қаражат есебінен өтеледі.

Алтын серіктестер — Freedom Банкі, Kaspi Bank, «Самрук-Қазына» АҚ және «Қазахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес — «Freedom Telecom Operations» ЖШС. Технологиялық серіктестер — «Транстелеком» АҚ, ресми әуе серіктесі (Official Airline Partner) — Air Astana.

---

Жарияланды: 2026-10-03T08:21:01+06:00

Жаңартылды: 2026-10-03T08:21:02+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [AI &amp; Digital Bridge 2026](https://qazaqpress.kz/tag/ai-digital-bridge-2026/), [Форум](https://qazaqpress.kz/tag/forum/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/03/ai-daeuirindegi-kapital-investorlar-tehnologiyalyqkompaniyalardyng-oesui-ueshin-basty-sharttardy-atady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.