---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/10/01/aer-bejsenbi-sajyn-zhanga-usynystar-berekeli-beisenbi-flyarystan-aeuekompaniyasynyng-turaqty-akcziyasyna-ajnalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әр бейсенбі сайын жаңа ұсыныстар: «Berekeli Beisenbi» FlyArystan әуекомпаниясының тұрақты акциясына айналады

![Әр бейсенбі сайын жаңа ұсыныстар: «Berekeli Beisenbi» FlyArystan әуекомпаниясының тұрақты акциясына айналады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/03/flyarystan-prodolzhaet-charternye-rejsy-iz-atyrau-v-sharm-el-shejh-v-letnej-navigaczii_bizmedia.kz_.jpg)

FlyArystan **«Berekeli Beisenbi»** апталық науқаны басталғанын хабарлайды. Оның аясында әр бейсенбі сайын жолаушыларымызға [мобильді қосымшамызда](https://flyarysta.onelink.me/ceA8?af_xp=social&#038;pid=PR_SMM&#038;af_channel=PR_SMM&#038;af_ad=Press_Releases&#038;c=Press_Releases) және [flyarystan.com](http://www.flyarystan.com/) ресми сайтында арнайы ұсыныстар қолжетімді болады.

Науқан аясындағы алғашқы ұсыныс 1 қазанда атап өтілетін халықаралық Қарттар күніне арналған. Аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде FlyArystan жолаушыларымызға **«KURMET»** арнайы промокодын пайдаланып, Қазақстан ішіндегі рейстерге 20% жеңілдік алуды ұсынады (билеттерді барлық жастағы жолаушылар сатып ала алады).

«KURMET» акциясы келесі бағыттарға қолданылады:

- Алматы – Ақтөбе – Алматы
- Астана – Ақтөбе – Астана
- Ақтау – Ақтөбе – Ақтау
- Ақтау – Орал – Ақтау

«KURMET» промокоды* 1 және 2 қазанда ғана, яғни екі күн бойы қолжетімді болады. Промокодты FlyArystan-ның ресми сату арналары – [сайт](http://www.flyarystan.com/) пен [мобильді қосымша](https://flyarysta.onelink.me/ceA8?af_xp=social&#038;pid=PR_SMM&#038;af_channel=PR_SMM&#038;af_ad=Press_Releases&#038;c=Press_Releases)мыз арқылы билет сатып алу кезінде қолдануға болады.

Промокод 2026 жылғы 3 қарашадан 2027 жылғы 3 наурызға дейінгі рейстерге жарамды, алайда 2026 жылғы 24 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейінгі (қоса алғанда) рейстерге қолданылмайды.

FlyArystan жолаушыларына «Berekeli Beisenbi» бірыңғай науқаны аясында әр бейсенбі сайын жаңа арнайы ұсыныс беріп отырады. Ұсыныстардың форматы мен шарттары апта сайын өзгеруі мүмкін, мәселен: таңдалған бағыттарға арнайы тарифтер, промокодтар, жеңілдіктер, қосымша қызметтерге арналған ұсыныстар немесе басқа да тиімді шарттар.

Осылайша,** «Berekeli Beisenbi»** атауы арқылы жолаушыларымыз үшін бейсенбіні саяхатқа арналған жаңа мүмкіндіктер мен тиімді ұсыныстар күніне айналдыратын боламыз. Яғни бейсенбі күндері FlyArystan сайтынан немесе мобильді қосымшасынан жаңа ұсыныстарды қарап, саяхаттың қолжетімді нұсқаларын тексеруге себеп болады.

«Berekeli Beisenbi» аясындағы келесі ұсыныстарды жіберіп алмау үшін FlyArystan ресми сайтындағы және әлеуметтік желілеріндегі жаңалықтарды тұрақты қадағалап отыруға кеңес береміз!**

---

Жарияланды: 2026-10-01T06:48:58+06:00

Жаңартылды: 2026-10-01T06:48:58+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: [FlyArystan](https://qazaqpress.kz/tag/flyarystan/), [авиация](https://qazaqpress.kz/tag/aviacziya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/10/01/aer-bejsenbi-sajyn-zhanga-usynystar-berekeli-beisenbi-flyarystan-aeuekompaniyasynyng-turaqty-akcziyasyna-ajnalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.