---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/09/30/oendiris-pen-eksport-oesimi-eka-qoldauynyng-naqty-naetizhesi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ӨНДІРІС ПЕН ЭКСПОРТ ӨСІМІ – ЭКА ҚОЛДАУЫНЫҢ НАҚТЫ НӘТИЖЕСІ

![ӨНДІРІС ПЕН ЭКСПОРТ ӨСІМІ – ЭКА ҚОЛДАУЫНЫҢ НАҚТЫ НӘТИЖЕСІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/img_3658.jpeg)

Қазақстандық өнімнің шетелдік нарыққа шығуы тек тауар өндірумен шектелмейді. Кәсіпорын үшін сыртқы нарықтағы серіктестермен есеп айырысу, келісімшарт талаптарын орындау, жеткізу мерзімін сақтау, қаржыландыру көзін табу және экспорттық тәуекелдерді басқару да маңызды. Осы бағытта отандық кәсіпкерлерге Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) қолдау көрсетіп келеді. Шымкент қаласында өткен баспасөз туры барысында журналистер ЭКА қолдауының нақты нәтижелерімен танысты. Іс-шара аясында өндірістік кәсіпорындардың жұмысы көрсетіліп, қазақстандық тауарлардың ішкі өндірістен халықаралық нарыққа дейінгі жолы таныстырылды.

Осы жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының экспорттаушылары 6,9 млрд теңгеден астам қолдау алған. Қолдау азық-түлік өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, химия және машина жасау салаларындағы кәсіпорындарға бағытталған. Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындардың негізгі экспорттық бағыттарының қатарында Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия,Әзербайжан, Беларусь, Хорватия, Моңғолия және басқа да нарықтар бар.

Шымкенттегі экспортқа бағытталған кәсіпорындардың бірі – «Stroi Construction» ЖШС. Компания инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарға арналған металл конструкциялар мен құрылыс өнімдерін шығарады. Кәсіпорынның өнім түрлеріне мырышталған жарықтандыру бағаналары, металл профильдер, құбырлар, кабельдік лотоктар және басқа да болат өнімдері кіреді. Өндірісте заманауи лазерлік кесу технологиялары қолданылып, құю цехы жұмыс істейді. Кәсіпорында 150-ден астам адам еңбек етеді. Компания өнімдерін Қытай мен Түркияға экспорттайды. «Stroi Construction» ЖШС-нің Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен ынтымақтастығы 2025 жылы басталған. Осы кезеңде көрсетілген қолдау көлемі 6,1 млрд теңгені құраса, оның 2,1 млрд теңгесі биылға тиесілі.

Компания менеджері Ердос Тұрасбековтің айтуынша, кәсіпорын қазіргі таңда 14 өндіріс орнында жұмыс істейді. Бұл өндіріс орындары Шымкент қаласы мен Түркістан облысында салынып жатқан тұрғын үйлерге қажетті металл өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан бөлек, кәсіпорын өнімдерін Түркия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарына экспорттайды. 

***«Биылдан бастап бізде өндіріс көлемі екі есеге артты. ******Осыған****** байланысты өндірістік қуатымыз бен жұмыс орындарының саны да өсті. Қазір ******ЭКА қолдауының арқасында ******жылына 170 мың тоннаға дейін металл өнімін өндіруге мүмкіндік ******алып отырмыз. Алдағы уақытта жаңа нарықтарды бетке алуды көздеп отырмыз******»,*** – дейді Ердос Тұрасбеков. Оның сөзінше, сыртқы нарыққа шығуда Экспорттық-кредиттік агенттіктің қолдауы маңызды рөл атқарады. Әсіресе сыртқы нарықтағы тәуекелдерді басқару және қаржылық тұрақтылықты сақтау мәселесінде агенттік ұсынатын құралдар кәсіпорын жұмысының тұрақты жүруіне мүмкіндік береді.

[![Иллюстрация — ӨНДІРІС ПЕН ЭКСПОРТ ӨСІМІ – ЭКА ҚОЛДАУЫНЫҢ НАҚТЫ НӘТИЖЕСІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/img_3659-1024x682.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/img_3659.jpeg)

Экспорттық қолдаудың тағы бір мысалы – «Шымкентмай» АҚ. Кәсіпорынның тарихы 80 жылға жуық уақытты қамтиды. Алғашқы өндірілген өнім – мақта майы. Бүгінде кәсіпорын күнбағыс, соя, мақсары, рапс және басқа да майлы дақылдарды өңдейді. Өндіріс нәтижесінде өсімдік майы, жемдік өнімдер және шаруашылық сабын шығарылады. Компания өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Түркияға экспорттайды. «Шымкентмай» АҚ-ның Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігімен серіктестігі 2018 жылдан бері жалғасып келеді. Кәсіпорынға көрсетілген сақтандыру қолдауының жиынтық көлемі 28,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде қазіргі кезеңдегі қолдау көлемі – 4 млрд теңге. Кәсіпорын экспорттық келісімшарттарды сақтандыру және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдарын пайдаланады.

Экспортты қолдау өндірістік және қаржылық құралдармен ғана шектелмейді. Кәсіпкерлер үшін цифрлық сервистер де іске қосылған. Соның бірі – «Экспорттаушының жеке кабинеті». Бұл жүйе қазақстандық компанияларға өз өтінімдерінің қаралу барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүйе арқылы шамамен 120 өтінім өңделген. Сонымен қатар «Экспорттаушылар витринасы» цифрлық көрмесі жұмыс істейді. Платформада Made in Kazakhstan өнімдері ұсынылады. 1 шілдедегі жағдай бойынша онда 465 компания мен 1,2 мыңнан астам өнім позициясы орналастырылған.

***Қазақстанның****** э******кспорттық-кредиттік агенттігі ******PR-******қызмет******і басшысының орынбасары Мұхтар Жәмішжано******втың айтуынша, ******ЭКА************Үкіметтің ұлттық экономиканы әртараптандыру және шикізат емес экспортты************дамыту****** жөніндегі ******тапсырмасын****** ******орындай отырып, қолдау көлемін тұрақты түрде арттырып келеді******. ***

***«2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 80-ге жуық экспорттаушы 514 млрд теңге көлемінде қолдау алды. Оның нәтижесінде ел қазынасына 1,7 трлн теңге көлемінде әлеуметтік-экономикалық пайда түсіп отыр. Бұл дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, өндіріс модернизациясы мен салық түсімдерінің артуы», ***– дейді Мұхтар Жәмішжанов.

Агенттік алдағы кезеңде терең өңделген өнеркәсіптік өнім шығаратын және экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау стратегиясын күшейтуді көздейді. 2026 жылғы басым бағыттардың қатарында өндірістік қуаттарды арттыру, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік жасау және қазақстандық өнімнің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейту бар. Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың көрсеткіштері өндіріс пен экспорттың өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қаржылық қолдау, экспорттық тәуекелдерді сақтандыру және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктері отандық компаниялардың өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық географиясын кеңейтуіне жағдай жасап отыр.

---

Жарияланды: 2026-09-30T11:29:00+06:00

Жаңартылды: 2026-09-30T12:35:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/09/30/oendiris-pen-eksport-oesimi-eka-qoldauynyng-naqty-naetizhesi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.