Alatau City Garant Қытайдағы көрмеде жүктерді сақтандыру қызметтерін ұсынды

Alatau City Garant Қытайдағы көрмеде жүктерді сақтандыру қызметтерін ұсынды

Қытайдың Ханчжоу қаласында Global Digital Trade Expo V Халықаралық көрмесі өтті. Бұл цифрлық сауданы және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға арналған ірі алаң. Биылғы жылы іс-шараға 163 ел мен аймақтардан 2000-нан астам компания қатысты.

Көрмеге Қазақстанның ұлттық экспозициясы қойылды. Оған жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, деректер орталықтары және медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін 28 компания кірді

Көрмеге келушілер сондай-ақ компания серіктестері ұсынған Alatau City Garant-тың жүктерді сақтандыру бойынша ақпараттық материалдарымен таныса алды. ACG Қазақстан арқылы Еуропаға жүк тасымалдайтын қытайлық экспорттаушыларға сақтандыру қорғанысын ұсынды.

«Қытай — Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі, ал біздің еліміздің аумағы Еуропаға жүктерді жеткізу үшін маңызды транзиттік бағыт ретінде пайдаланылады. Мұндай тасымалдау кезінде экспорттаушылар үшін ықтимал тәуекелдерді алдын-ала ескеріп, жүкті сақтандыру арқылы қорғанысты қамтамасыз ету маңызды. Біз қытайлық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз және халықаралық тасымалдар үшін сақтандыру шешімдерін ұсынуға дайынбыз», – деп атап өтті Alatau City Garant-та.