Qazaqstan IGF 2026: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум Алматыда өтеді

Qazaqstan IGF 2026: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум Алматыда өтеді

IV Qazaqstan IGF 2026: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум – Қазақстандағы цифрлық кеңістік пен киберқауіпсіздікті дамытуға ықпал ететін жыл сайынғы ірі іс-шара. Форум 2026 жылдың 14 қазанында Алматы қаласындағы SmArtPoint IT-хабында өтеді.

Дәстүр бойынша, Qazaqstan IGF Қазақстандағы интернетті басқару мәселелері бойынша ашық әрі нәтижелі диалог орнату үшін мемлекеттік органдар, бизнес және IT-қоғамдастық, азаматтық сектор және академиялық орта өкілдерін біріктіреді.

Биыл форумның басты назарында, Цифрлық кодексті іс жүзінде қолдану, жасанды интеллектті қауіпсіз пайдалану, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау және елдің интернет-инфрақұрылымының орнықты дамуын нығайту мәселесі.

Форумның негізгі тақырыптары:

«Цифрлық экономикаға арналған цифрлық мамандықтарды даярлау» сессиясы аясында Киберқұқық мектебінің сарапшылары «Заңгерлерге арналған ЖИ» атты жаңа курсты таныстырады. Курс мамандарға IT-жобалар мен жасанды интеллект технологияларын құқықтық сүйемелдеу үшін қажетті алгоритмдермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын береді.

Qazaqstan IGF 2026 ұйымдастырушылары: «Eurasian Digital Foundation» қоры және «Қазақстанның цифрлық құқықтар орталығы» заң фирмасы. Форум Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен, Freedom Holding Corp., Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Maqsut Narikbayev University және «BlockchainKZ» қауымдастығымен серіктестікте өткізіледі. Форумға Алматы қаласында офлайн қатысуға немесе онлайн трансляцияға қосылуға болады. Форумға тіркелу үшін Qazaqstan IGF сайтына кіріңіз. Онлайн трансляция қарастырылған.