---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/09/11/roborock-tazalyq-turaly-tuesinikti-qalaj-oezgertude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Roborock тазалық туралы түсінікті қалай өзгертуде

![Roborock тазалық туралы түсінікті қалай өзгертуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock_1.jpeg)

Әрқайсымызда кейінге қалдыра бергіміз келетін міндетті үй шаруаларының тізімі бар. Сол тізімнің алдыңғы қатарынан үй жинаудың тұрақты орын алатыны таңғаларлық емес.

Сенбі таңын су толы шелекпен бастап, диван астындағы шаңмен бітпейтін күрес жүргізу әр отбасының күнделікті өміріне сіңіп кеткен, бірақ содан жеңілдей қоймаған шаруаның біріне айналды.

Бақытымызға орай, технологиялар қалыптасқан тұрмыс салтын қарқынды өзгертіп, үй жинауды қол еңбегінен автоматтандырылған үдеріске айналдырып келеді. Жаһандық технологиялық көшбасшы Roborock белсенді дамытып отырған Intelligent Cleaning тұжырымдамасы ескірген тәсілдердің орнын басуда.

[![Иллюстрация — Roborock тазалық туралы түсінікті қалай өзгертуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-qrevo_2.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-qrevo_2.jpg)

Компания өнімдері әлемнің 170-тен астам елінде ұсынылған және робот-шаңсорғыштар санатында сату көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бүгінде Roborock Intelligent Cleaning тұжырымдамасын Қазақстанда да белсенді дамытып, инновацияларды қазақстандықтардың күнделікті өміріне енгізіп келеді.

Брендтің жаһандық ауқымын аты аңызға айналған Real Madrid футбол клубымен серіктестігі де айқын көрсетеді. Бұл ынтымақтастық қос тарапқа ортақ мінсіз дәлдік, көшбасшылық және үнемі үздік болуға ұмтылу құндылықтарына негізделген.

[![Иллюстрация — Roborock тазалық туралы түсінікті қалай өзгертуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-saros_3.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-saros_3.jpg)

Roborock философиясының негізінде қарапайым қағида жатыр: заманауи техника адамды күнделікті тұрмыстық күйбеңнен босатып, жұмыстың бір бөлігін оның орнына атқаруы тиіс.

Мысалы, еден жууды алайық. Бұрын бұл жұмыс суды қайта-қайта ауыстырып, шүберекті үнемі шаюмен байланысты болатын. Инновациялық Roborock Qrevo Curv 2 Flow моделі бұл мәселені толығымен шешеді. Таза суды үздіксіз беру жүйесі құрылғы қозғалып келе жатқанда роликті шайып отырады. Нәтижесінде еден таза сумен жуылып, із қалдырмай мінсіз тазалық қамтамасыз етіледі.

Күрделі жоспарланған, табалдырықтары биік немесе қалың түкті кілемдері бар пәтерлерде роботтың кеңістікте бағдарлануы қиындауы мүмкін. Осындай жағдайлар үшін Roborock Saros 20 әзірленген. Ақылды робот биіктік айырмашылықтарынан оңай өтіп, кеңістік ерекшеліктеріне өздігінен бейімделеді. Кәдімгі модельдер тұрып қалатын жерлерде оған адамның көмегі қажет емес.

[![Иллюстрация — Roborock тазалық туралы түсінікті қалай өзгертуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-f25_4.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/roborock-f25_4.jpg)

Ал сіңіп қалған дақтар немесе асүйдегі май секілді күрделі ластанулармен күресу үшін компания инженерлері сымсыз жуғыш Roborock F25 ACE Pro шаңсорғышын әзірледі. Көбікпен тазалаудың озық технологиясының арқасында құрылғы мұндай ластануларды оңай кетіріп, кірмен қатар жағымсыз иістерден де тиімді арылуға көмектеседі.

Интеллектуалды құрылғылар заманауи өмір ырғағына табиғи әрі үйлесімді кірігіп келеді. Roborock секілді озық технологиялар күнделікті үй шаруасының едәуір бөлігін байқатпай өз мойнына алып, адамға ең құнды ресурсын – бос уақытын қайтарады.

---

Жарияланды: 2026-09-11T06:35:27+06:00

Жаңартылды: 2026-09-11T06:35:28+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/09/11/roborock-tazalyq-turaly-tuesinikti-qalaj-oezgertude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.