---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/09/09/qazaqmys-zhezqazghan-ken-ornynyng-tereng-gorizonttaryn-zertteude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» Жезқазған кен орнының терең горизонттарын зерттеуде

![«Қазақмыс» Жезқазған кен орнының терең горизонттарын зерттеуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/glav-3-5.jpg)

Минералдық-шикізат қорын дамыту және толықтыру «Қазақмыс» Тобы қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып қала береді.

Осы жұмыс аясында компания жұмыс істеп тұрған кен орындары мен болашағы бар учаскелердің ресурстық әлеуетін жүйелі түрде зерттеуде. Геологиялық барлау бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – Ұлытау облысы. Мұнда жұмыс істеп тұрған кеніштердің қапталдары мен терең қабаттары, сондай-ақ Жезқазған кен орнының болашағы бар учаскелері зерттелуде.

Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын «Kazakhmys Barlau» компаниясы жүргізеді. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астам бұрғылау жұмысын жүргізу көзделген, оның 10 мың метрге жуығы орындалды. Жұмысқа бес бұрғылау қондырғысы жұмылдырылды.

[![Иллюстрация — «Қазақмыс» Жезқазған кен орнының терең горизонттарын зерттеуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/foto-1-1-731x1024.jpg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/foto-1-1.jpg)

Кен орнының қапталдарындағы бұрғылау жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыс терең қабаттар мен жер бетіне жақын минералдану аймақтарында жүргізілуде. Зерттеу жұмысы кен денелерінің жалғасуын нақтылауға, минералданудың перспективалы аймақтарын анықтауға және қосымша ресурстарды бағалауға мүмкіндік береді.

Алынған нәтиже Жезқазған кен орнының ресурстық әлеуетін нақтылау және геологиялық барлау жұмысының одан арғы бағытын айқындау үшін пайдаланылады. Жаңа ресурстардың анықталуы минералдық-шикізат қорын толықтыруға негіз қалыптастырып, болашақта Жезқазған кен орнының пайдалану мерзімін ұзартуға ықпал етеді.

---

Жарияланды: 2026-09-09T10:56:56+06:00

Жаңартылды: 2026-09-09T10:56:56+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqmys-korporaciyasy-zhshs/), [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/09/09/qazaqmys-zhezqazghan-ken-ornynyng-tereng-gorizonttaryn-zertteude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.