---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/09/04/almatyda-5-zhastaghy-bala-zhutyp-qojghan-uesh-magnit-sirek-kezdesetin-asqynugha-aekeldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 5 жастағы бала жұтып қойған үш магнит сирек кездесетін асқынуға әкелді

![Алматыда 5 жастағы бала жұтып қойған үш магнит сирек кездесетін асқынуға әкелді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/09/img_6872-jpg.jpeg)

Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балаға сирек әрі қауіпті асқыну салдарынан сәтті ота жасалды.

Магниттер ұзақ уақыт бойы асқазан-ішек жолында болған. Күшті магниттік тартылыс әсерінен асқазанда орналасқан бір магнит пен аш ішектегі екі магнит бір-біріне мүшелердің қабырғалары арқылы тартылған.

Операция барысында хирургтар өте сирек кездесетін асқынуды анықтады – асқазан мен аш ішек арасында патологиялық байланыс (магниттік жыланкөз) қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойы болған қысым тіндердің зақымдануына және ойылуына әкелген.

Ота жасаған хирург, Алматы қаласындағы №2 БҚКА директорының орынбасары Марат Қаптағаевтың айтуынша, операция бастапқыда лапароскопиялық әдіспен басталған. Алайда зақымданудың сипаты анықталғаннан кейін баланың қауіпсіздігі үшін хирургтар ашық операция жасауға шешім қабылдаған.

> «Жыланкөз жойылып, үш магниттің барлығы алынды. Зақымданған тіндер кесіліп, тігіліп қалпына келтірілді. Құрсақ қуысына санация жасалып, дренаж қойылды.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> Операция сәтті аяқталды. Жүргізілген емнен кейін баланың жағдайы жақсарды. Ауруханадан шығарылған кезде оның жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды, операциядан кейінгі жараларда қабыну белгілері байқалмады», – деді хирург.

Алматы қаласындағы №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров бұл клиникалық жағдай балалар үшін шағын магнитті ойыншықтардың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсеткенін атап өтті.

> «Бірнеше магнит жұтылған жағдайда олар асқазан-ішек жолының әртүрлі бөліктерінің қабырғалары арқылы бір-біріне тартылып, ойық жаралардың, тесілулердің, жыланкөздердің, ішек өтімсіздігінің және перитониттің дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарды баланың магнит жұтып қойғанына күмән туған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырамыз. Уақытылы көрсетілген көмек ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Марат Рабандияров.

---

Жарияланды: 2026-09-04T11:27:38+06:00

Жаңартылды: 2026-09-04T11:27:38+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [денсаулық](https://qazaqpress.kz/tag/densauly%d2%9b/), [медицина](https://qazaqpress.kz/tag/medicina/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/09/04/almatyda-5-zhastaghy-bala-zhutyp-qojghan-uesh-magnit-sirek-kezdesetin-asqynugha-aekeldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.