Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

Astana Hub Battle 2026: жылдың басты стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды

AI & Digital Bridge 2026 аясында өтетін Astana Hub Battle халықаралық стартап-шайқасына өтінім қабылдау басталды. Төрткүл дүниеден келген технологиялық командалар өз жобаларын инвесторларға таныстырып, жалпы жүлде қоры $100 000 құрайтын байқауда бақ сынауға мүмкіндік алады.

Astana Hub Battle форумның технологиялық компания негізін қалаушыларына арналған басты алаңдарының біріне айналады. AI & Digital Bridge бағдарламасында стартаптарға, кәсіпкерлікке және венчурлық инвестицияларға — алғашқы өнімді жасау мен Product-Market Fit деңгейіне жетуден бастап, инвестиция тарту және жаһандық нарықтарға шығуға дейінгі мәселелерге жеке бағыт арналған.

Төрт жеңімпазға $100 000

Astana Hub Battle жүлде қоры төрт номинация бойынша бөлінеді:

Осылайша, стартаптар өнімнің технологиялық деңгейі тұрғысынан ғана емес, оның өсу әлеуеті, нарыққа тигізетін әсері мен инвестициялық тартымдылығы бойынша да бағаланады.

Кімдер қатыса алады?

Қатысуға келесі критерийлерге сай келетін технологиялық стартаптар шақырылады:

Astana Hub Battle қатысушылары үшін бұл тек ақшалай жүлде үшін бақ сынау емес, сонымен бірге өз жобасын кәсіби және инвестициялық қоғамдастыққа таныстыру, жаңа байланыстар орнату және халықаралық технологиялық алаңда өзі туралы мәлімдеу мүмкіндігі.

Өтінімнен финалға дейін

Жартылай финал мен финал AI & Digital Bridge 2026 форумының ашық күндері — 2 және 3 қазанда өтеді.

Форумның 2 қазандағы бағдарламасында Startup Battle, Demo Day, VC-сессиялар, питч-сессиялар, networking және стартаптардың инвесторлармен кездесулері қарастырылған. Бұл бағыттың мақсатты аудиториясы — әртүрлі даму кезеңіндегі стартаптар, венчурлық инвесторлар, акселераторлар және BigTech scouting-командалары.

Astana Hub Battle — санаулы минуттар ішінде жобаңызды оның келесі даму кезеңіне ықпал ете алатын тұлғаларға: инвесторларға, технологиялық көшбасшыларға және халықаралық стартап-экосистема қатысушыларына таныстыру мүмкіндігі.

Өтінімдер 2026 жылғы 6 қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтінім беру: digitalbridge.ai