Шымкентте Жаңа адамдар әлеуетті педофилді әшкереледі
Екі жылдан астам уақыт бойы 124 Азаматтық науқаны Қазақстанның барлық өңірінде балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтереді. Бұл бастама Шымкент қаласында жалғасын тапты. Эксперимент аясында белсенділер әлеуметтік желіде жалған 13 жасар қыздың атынан фейк парақша ашты.
Қысқа уақыт ішінде парақшаға жүздеген ересек ер адамнан хабарлама келді. Солардың бірі ерекше табандылық танытты. Ол жыныстық сипаттағы суреттерін жіберіп, қызды да солай жасауға итермелеуге тырысты.
Хабарламадан ер адамның қыздың кішкентай екенін анық білгені байқалады. Ол бірнеше рет «ешкімге айтпауын», әсіресе ата-анасына хабарламауды өтініп, қызбен жеке кездесуді табанды түрде талап еткен.
Оның өтініші бойынша кездесу орын алды. Белгіленген жерге 27 жастағы Өтеуіл Бағдат Полатханұлы келді. Алайда оны 13 жасар қыз емес, Жаңа адамдар белсенділері қарсы алды. Кездесу орнына оның кәмелетке толмаған қызға жолдаған хабарламалары мен жіберген жыныстық сипаттағы суреттері басылған үлкен баннер қойылды.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Жиналған барлық материалдар мен хабарламалар тексеру және тергеу жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Жанұлы Нұрсұлтан, Жаңа адамдар:
«Біз болжалды қаскөйді өз бетімізше жазалау үшін емес, балалардың қауіпсіздігі үшін әшкереледік. Егер ересек адамның балаға қатысты әрекеті орынсыз немесе күмәнді көрінсе, шынымен де солай болуы мүмкін. Бейжай өтіп кетпеңіздер. Балалардың қауіпсіздігі әрқайсымыздан басталады».