---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/08/11/komandaly%d2%9b-teledebat-partiyalardy%d2%a3-s%d3%a9z-s%d3%a9jleu-reti-any%d2%9btaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

![Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/08/c8c2befb-9dd2-47bc-80f7-094a4712ef80.jpg)

Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстандағы алғашқы командалық теледебатқа қатысатын партиялардың сөз сөйлеу ретін анықтау мақсатында ашық жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің сөз сөйлеу кезегі төмендегідей болды: 

1. «Ақ жол» партиясы

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

3. «Әділет» партиясы

4. Қазақстан Халық партиясы

5. «Ауыл» партиясы

6. «Байтақ» жасылдар партиясы

7. Respublica партиясы

Теледебат 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Тақырыбы – Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. 

Командалық теледебаттың басты ерекшелігі – Құрылтай сайлауына қатысатын әр саяси партиядан екі өкіл сөз сөйлейді.

Көрермендер партиялардың сайлауалды бағдарламасымен, әділетті қоғам құру жөніндегі бастамаларымен танысады. Сонымен қатар спикерлер WhatsApp арқылы келіп түскен сайлаушылар мен журналистердің сұрақтарына жауап береді. Тікелей эфир барысында партиялардың жария түрде берген уәделері де ұсынылады. 

Трансляция кезінде көрермендер QR-код арқылы веб-сауалнамаға өтіп, теледебатқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.

 

---

Жарияланды: 2026-08-11T17:37:10+06:00

Жаңартылды: 2026-08-11T17:42:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/08/11/komandaly%d2%9b-teledebat-partiyalardy%d2%a3-s%d3%a9z-s%d3%a9jleu-reti-any%d2%9btaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.