---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/08/11/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9byzmetkerlerdi%d2%a3-%d3%a9tinishteri-bojynsha-zholdardy-zh%d3%a9ndeu-zh%d2%b1mystaryn-zh%d2%afrgizude/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

![«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/08/glav-3-1.jpg)

Жезқазған өңірінде «Қазақмыстың» кеніштері мен өзге де өндірістік нысандарына апаратын автомобиль жолын жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Кірме жолдың жай-күйі компания басшылығының еңбек ұжымымен өткізген кездесуі барысында жұмыскерлер тарапынан бірнеше рет көтеріліп, шешім қабылданған шаралар тізіміне енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде мердігер ұйым Батыс Жезқазған кенішінің №73-75 және №67 шахталарына, сондай-ақ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасына апаратын автомобиль жолының асфальт-бетон жабынына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуде.

2026 жылғы құрылыс маусымында №55 шахта басқармасына, «Анненск» шахтасына және Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасына апаратын автомобиль жолдарын да жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына апаратын кірме жолды жөндеу, сондай-ақ №1 және №2 Жезқазған байыту фабрикалары жұмыскерлерінің көлігіне арналған автотұрақ салу көзделген.

Кірме жолды жөндеу жұмыскерлердің өндірістік нысандарға күнделікті қатынауын қауіпсіз әрі қолайлы етіп, Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындардың көлік қатынасын жақсартуға ықпал етеді.

Еңбек ұжымының өтініштері бойынша жұмыс жалғасуда. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер компания басшылығының бақылауына алынып, «Қазақмыстың» бейінді бөлімшелері тарапынан кезең-кезеңімен іске асырылуда.

---

Жарияланды: 2026-08-11T08:39:01+06:00

Жаңартылды: 2026-08-11T08:39:01+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [жезка](https://qazaqpress.kz/tag/zhezka/), [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/08/11/%d2%9baza%d2%9bmys-%d2%9byzmetkerlerdi%d2%a3-%d3%a9tinishteri-bojynsha-zholdardy-zh%d3%a9ndeu-zh%d2%b1mystaryn-zh%d2%afrgizude/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.