---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/08/10/astanada-comic-con-qatysushylary-tazalyq-zhumysyna-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

![Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/08/img_3985.jpeg)

Comic Con Astana 2026 халықаралық фестивалі өткен «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайы алаңдарында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестивальдің қорытынды күнінде алаңға Тазабек маскоты да келді. Ол «Барыс Арена» сахнасына шығып, жүргізушімен бірге қонақтарға тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салды.

Негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды. Қатысушылар фестиваль алаңдарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және қала тазалығын сақтау идеясын қолдады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge  @TazaQazaqstan

---

Жарияланды: 2026-08-10T13:33:37+06:00

Жаңартылды: 2026-08-13T02:24:07+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/08/10/astanada-comic-con-qatysushylary-tazalyq-zhumysyna-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.