Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды
Фото: www.freedomholdingcorp.com

Freedom Holding Corp. жетекші технологиялық компаниялардың бірі – «Bilim Group LTD» ЖШС-нің негізгі қатысушысы атанды.

Мәмілені Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мақұлдады. Бұл оның барлық қажетті реттеуші талапқа сәйкестігін растап, тараптарға EdTech саласындағы бірлескен стратегиялық бастамаларды іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді.

Жаңа бірлескен кезең Freedom Holding Corp.-тың EdTech сервистерінің жоғары сапасын әрі қолжетімділігін дамыту мақсатындағы цифрлық трансформацияны ілгерілетуге, сондай-ақ елдің IT-секторының бүкіл өңірдегі жаңа экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге деген стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Одан әрі даму аясында перспективалы зерттеулерге инвестиция құю, озық білім беру контенті мен әдістемелерін жасау, жасанды интеллект құралдары мен білім беру аналитикасын енгізу арқылы педагогтарды қолдауға бағытталған бастамаларды іске асыру, сондай-ақ оқытуды дараландыру технологияларын дамыту көзделіп отыр.

Freedom экожүйесі аясында EdTech бағытын дамыту технологиялар мен өнімдердің маңызды әлеуметтік рөл атқарып, қоғам үшін бәсекеге қабілетті маңызы бар бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретін жаһандық үрдісті көрсетеді. Бұл білім беру саласындағы инновацияларды қолдап, елдің адам капиталын дамытуға ықпал етеді.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры:

«Біз үшін бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы EdTech сервистерін ең озық технологиялар арқылы дамытуға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр. Қаржылық және білім беру технологияларының синергиясы миллиондаған пайдаланушы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғам үшін маңызды әрі пайдалы сервистерді ыңғайлы форматта және тегін ұсынуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Осы бағыт аясында біз қол қойылған келісім негізінде OpenAI компаниясымен ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ EdTech сервистерін SuperApp экожүйесіне интеграциялап, ең заманауи қазақстандық өнімдер, әзірлемелер және халықаралық серіктестіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы электрондық білім беру қызметтерімен қамтылатын пайдаланушылар санын кезең-кезеңімен арттыруды көздейміз.».

Рауан Кенжеханулы, Bilim Group.-тың негізін қалаушы:

«Бұл синергия – технологияларды дамыту жолындағы көпжылдық стратегиялық серіктестігіміздің заңды жалғасы. Бұл ынтымақтастық қазірдің өзінде елеулі нәтижелерін көрсетті. Freedom Bank-пен бірлескен жобалардың арқасында қазақстандық оқушылар оқу үлгеріміндегі үздік жетістіктері үшін сыйақы ала алады. Бұл олардың білім алуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, сондай-ақ жеке қаржылық сауаттылығын дамытуға да ықпал етеді. Біз құзыреттер мен ресурстарды біріктіру инновацияларды жылдамырақ әрі тиімдірек енгізуге, сондай-ақ цифрлық білім беру шешімдерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл қазіргі әлемде адам капиталының өсіміне негіз болатын маңызды фактор.».

Анықтама:

Компания туралы

Freedom Holding Corp. – қаржылық қызметтер көрсететін, телекоммуникация, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сату, онлайн-супермаркет қызметтерін ұсыну және басқа да көптеген бағыттарда қызмет атқаратын әртараптандырылған компания.

Freedom Holding Corp. еншілес компанияларын қоса алғанда, 11,8 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа да елдерді қоса алғанда, 22 мемлекетте орналасқан. Freedom Holding Corp.-тың жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген және Nasdaq Capital Market алаңында FRHC тикерімен саудаланады.

Bilim Group – Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім беру технологиялары саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. 2011 жылы құрылған стартап бүгінде цифрлық контент, білім беру үдерістерін автоматтандыру, кадрлық және қаржылық есеп жүргізу, сондай-ақ тьюторинг және цифрлық кітапханалар бағыттарындағы бірқатар IT-сервисті біріктіреді. Осы шешімдердің барлығы бірігіп, күніне шамамен 1 млн бірегей пайдаланушыны қамтитын бірыңғай EdTech экожүйесін қалыптастырады.

2025 жылғы қарашада Вашингтонда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, OpenAI және Freedom Holding Corp. арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес BilimClass платформасы арқылы Қазақстанның 160 000-нан астам педагогы конфиденциалдылық пен деректерді қорғаудың күшейтілген шараларымен қамтамасыз етілген ChatGPT Edu – білім беру саласына арналған бағдарламаның арнайы нұсқасына қол жеткізді.