Жаңа адамдар және Дала Қырандары жастар ұйымдарының өкілдерімен Адал азамат мектебінің екінші кездесуін өткізді

Жаңа адамдар және Дала Қырандары жастар ұйымдарының өкілдерімен Адал азамат мектебінің екінші кездесуін өткізді
Фото: пресс-служба партии Әділет

Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары Қозғалыстары іске қосқан Әділет партиясының кадрлық резерві — Адал азамат мектебінің екінші кездесуі өтті. Кездесуге өз саласы арқылы азаматтық белсенділік танытып жүрген түрлі бағыттағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар білім, спорт, мәдениет және медицина салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында азаматтық белсенділік әртүрлі қырынан талқыланды. Қатысушылар адам капиталын дамыту, креатив, тәртіп пен саясаттың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Әртүрлі тақырып қозғалғанымен, барлық спикерлер Адал азамат мектебінің бастамасын қолдайтындарын және оның мақсат-міндеттерімен бірге жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді. Олардың ойлары мектептің негізгі қағидаттары мен бағдарламасымен үндесіп, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыру идеясын қолдады.

Екінші кездесуде белсенділер мен қонақтар бір-бірінің қызмет бағыттарымен танысты.

Қазақстан ұлттық брейкинг құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Шерхан шәкірттерін таныстырып, олар көрермендерге брейк-данстан арнайы көрсетілім ұсынды.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу жөніндегі Халықаралық ғылыми-өндірістік травматология және ортопедия орталығының маманы, медициналық волонтерлік жобалардың қатысушысы Аружан Маштай еліміздегі медицинаның дамуы туралы баяндады.

Серік Өмірбаев — Жас Барыс спорт клубының өкілі, дзюдо және қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат, қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері және Ерсаян Жанат — дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, қазақ күресінен спорт шебері, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионы қатысушыларға қазақ күресі мен дзюдоның бірнеше әдісін көрсетті.

Қазақстанның STREET WORKOUT and STREETLIFTING федерациясының өкілі Рамазан Омаров шәкірттерімен бірге street workout элементтерін таныстырды.

ZEIN COMPANY компаниясының негізін қалаушы Зейн Жақитов BMX-фристайлдағы шеберлігін көрсетіп, әсерлі трюктер орындады.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, баскетболдан (5х5 және 3х3) Қазақстан чемпионы, баскетбол функционері, Jump Astana жобасының жетекшісі Исмаил Бимендин өз тәрбиеленушілерін таныстырды. Бүгінде олар Жаңа адамдар баскетбол командасының құрамында өнер көрсетеді.

Кездесу спорт, медицина, саясат, мәдениет және азаматтық бастамалар саласындағы белсенді азаматтарды бір алаңға тоғыстырды. Адал азамат мектебінің басты мақсаты — түрлі бағыттағы жастарды біріктіріп, олардың тәжірибесін тоғыстыру, өзара ынтымақтастықты дамыту және Әділетті Қазақстанды бірге құру жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.