---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/08/05/%d2%afrgenishke-biletter-37-000-te%d2%a3geden-flyarystan-tikelej-rejsterge-nau%d2%9ban-zhariyalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үргенішке билеттер 37 000 теңгеден: FlyArystan тікелей рейстерге науқан жариялады

![Үргенішке билеттер 37 000 теңгеден: FlyArystan тікелей рейстерге науқан жариялады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/08/photo_2026-08-05_11-52-11.jpg)

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Үргеніш – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерге арналған науқанның басталғанын хабарлайды. Арнайы ұсыныс аясында жолаушылар төрт күн ішінде әуебилеттерді тиімді тарифтермен сатып ала алады.

Билеттерді сату кезеңі 2026 жылғы 5-8 тамыз аралығында өтеді. Науқандық билеттермен 2026 жылғы 3 қыркүйек пен 15 қараша аралығында саяхаттауға болады.

Науқан аясында келесі тарифтер:

Алматы – Үргеніш – бір бағыттағы билет 38 000 теңгеден бастап;

Үргеніш – Алматы – бір бағыттағы билет 37 000 теңгеден бастап қолжетімді.

Арнайы бағамен ұсынылатын билеттерді әуекомпанияның ресми www.flyarystan.com сайтынан, [FlyArystan мобильді қосымшасынан](https://apps.apple.com/ru/app/flyarystan-%D0%BA%D1%83%D0%BF%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%B0-%D0%B1%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D1%82/id1495170134), сондай-ақ туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады. Көрсетілген баға базалық тариф бойынша есептелген және оған салмағы 7 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 × 23 × 36 см болатын бір дана қол жүгін алып жүру кіреді.

Еске салайық, Алматы – Үргеніш бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жаңа бағыт Үргеніш әуежайынан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген көне Хиуа қаласына, сондай-ақ Хорезм облысының басқа да туристік көрікті жерлеріне ыңғайлы қатынауға мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2026-08-05T06:54:40+06:00

Жаңартылды: 2026-08-05T06:54:40+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/08/05/%d2%afrgenishke-biletter-37-000-te%d2%a3geden-flyarystan-tikelej-rejsterge-nau%d2%9ban-zhariyalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.