Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі
Қоғамдағы тәртіп пен өзара сыйластық ең алдымен адамныңкүнделікті мінез-құлқы мен мәдениетінен басталады. Сәлемдесу әдебі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, білімге ұмтылу — ғасырлар бойы халқымыздың рухани құндылықтарыныңнегізін құрап келеді. Бүгінде бұл мәселелер тек мемлекеттікдеңгейде ғана емес, діни ортада да кеңінен насихатталыпотыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қоғамдық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселесінеайрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы жастардыбілім алуға, кітап оқуға, дүниетанымын кеңейтуге, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға үнемі шақырады. Президенттің айтуынша, елдің ертеңі – білімді әрі тәрбиеліұрпақтың қолында. Бұл ұстаным қоғамның рухани дамуынабағытталған маңызды қағидалардың біріне айналды.
Мемлекет көтеріп отырған осы құндылықтарды діни қауым да қолдап, жұртшылық арасында әдептілік, білім жәнежауапкершілік тақырыптарын тұрақты түрде насихаттапкеледі.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы мұсылманның сәлемдесу әдебішариғатта нақты көрсетілгенін атап өтеді.
«Екі ер адам бір-бірімен кездескен кезде қол алысыпамандасса жеткілікті. Алыс сапардан немесе көптен бері бір-бірін көрмеген адамдар болса, төс қағысып амандасуынарұқсат етіледі. Ал екі ер кісінің сүйісіп амандасуы немесесоған ұқсас артық әрекеттер – біздің дінімізде де, дәстүріміздеде құпталмайтын дүние», — деді ол.
Имамның айтуынша, қарапайым амандасудың өзі адамныңтәрбиесі мен мәдениетін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Дін де, қазақы салт-дәстүр де қарапайымдылық пен ұстамдылықты жоғары қояды.
Ал «Бір мұнаралы тас» мешітінің наиб имамы Абдулла Ержанұлы кез келген жетістік білімнен басталатынын ерекшеатап өтті.
«Тәуекел жасау үшін мұсылман адамға ең алдымен білімкерек. Құран Кәрімде түскен алғашқы әмір – «Оқы!». Демек, білім алу қандай да бір амалдан бұрын тұрады. Болашағымызбаянды болсын десек, өсіп келе жатқан ұрпақты ең алдыменбілімді етіп тәрбиелеуіміз қажет», — деді Абдулла Ержанұлы.
Оның айтуынша, білім мен әдеп — бір-бірінен ажырамайтынұғымдар. Нағыз білім адамды ізгілікке, жауапкершілікке жәнеқоғам алдындағы міндетін дұрыс түсінуге жетелейді.
Осы ойды Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев те жалғастырады.
«Ең алғашқы аят – «Оқы!». Ілім-ғылыммен басталады. Қазақта «Білімді адам мыңды жығады, білекті адам бірдіжығады» деген сөз бар. Ілім алу – инемен құдық қазғандай, ал сол ілімге амал жасау – кірпікпен құдық қазғандай. Білімніңшамшырағы ешқашан сөнбеуі керек. Егер жастарымызбілімді болса, қоғамда сауатты адамдар алға шығады», — дейді Амантай Садиев.
Бас имам білімнің адамды тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да кемелдендіретінін атап өтті.
Ал «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы НұрсұлтанУәлиұлы мұсылман мәдениетіндегі сәлемдесудің маңызынатоқталды.
«Шариғатымызда екі мұсылман кездескен кезде қол алысып, «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкүмәссалам» депамандасады. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Екі мұсылманкездесіп, қол алысса, қолдары ажырағанға дейін Алла Тағалаолардың күнәларын кешіреді» делінген. Ал құшақтасыпнемесе сүйіп амандасуға қатысты сұрақ қойылғанда, Пайғамбарымыз «Жоқ» деп, тек қол алысып амандасудықұптаған», — деді ол.
Бұл насихаттардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған. Ол – қоғамда тәртіпті, мәдениетті, білімді әрі жауапты азаматқалыптастыру. Сәлемдесу әдебінен бастап, білімге ұмтылуғадейінгі құндылықтардың барлығы қоғамдық келісімдінығайтып, адамдар арасындағы сыйластықты арттырады.
Қазақ халқы ежелден тәрбиені бірінші орынға қойған. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Тәрбие – тал бесіктен» деген нақылдар да осының дәлелі. Бүгінде бұлқағидалар мемлекеттік саясатпен де, діни насихатпен де үндесіп отыр.
Жастардың білімге ұмтылуы, үлкенді құрметтеп, кішіге ізеткөрсетуі, қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлқы – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Сондықтан әдеппен білімді қатар дәріптеу – елдің болашағына салынған еңмаңызды инвестициялардың бірі.