---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/08/01/%d3%99dep-pen-bilim-%d2%9bo%d2%93amny%d2%a3-berik-tiregi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі

![Әдеп пен білім – қоғамның берік тірегі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/08/23df0be0-3767-4125-9476-3cf04b0af0ef.jpg)

Қоғамдағы тәртіппенөзара сыйластық ең алдымен адамныңкүнделікті мінез-құлқыменмәдениетінен басталады.Сәлемдесу әдебі,үлкенге құрмет,кішіге ізет,білімге ұмтылу—ғасырлар бойы халқымыздың рухани құндылықтарыныңнегізін құрап келеді.Бүгінде бұл мәселелертекмемлекеттікдеңгейде ғана емес,діни ортададакеңінен насихатталыпотыр.

 ПрезидентҚасым-ЖомартТоқаевтақоғамдық мәдениетпеназаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселесінеайрықшаназараударып келеді.Мемлекет басшысы жастардыбілім алуға,кітап оқуға,дүниетанымын кеңейтуге, заманталабынасайбәсекеге қабілетті болуға үнемі шақырады.Президенттің айтуынша,елдің ертеңі–білімді әрі тәрбиеліұрпақтың қолында.Бұл ұстаным қоғамның рухани дамуынабағытталған маңызды қағидалардың біріне айналды.

Мемлекет көтеріп отырғаносықұндылықтарды діни қауымдақолдап,жұртшылық арасында әдептілік,білім жәнежауапкершілік тақырыптарын тұрақты түрде насихаттапкеледі.

Маңғыстау облыстық орталық«Бекетата»мешітініңнаиб имамыЖұмабай Қуандықұлы мұсылманның сәлемдесу әдебішариғатта нақты көрсетілгенін атап өтеді.

«Екіер адамбір-бірімен кездескен кезде қол алысыпамандасса жеткілікті.Алыс сапардан немесе көптен бері бір-бірін көрмеген адамдар болса,төс қағысып амандасуынарұқсат етіледі. Алекіеркісінің сүйісіп амандасуы немесесоған ұқсас артық әрекеттер–біздің дініміздеде,дәстүріміздедеқұпталмайтын дүние», —деді ол.

Имамның айтуынша,қарапайым амандасудың өзі адамныңтәрбиесіменмәдениетін айқындайтын маңызды көрсеткіш.Дінде,қазақы салт-дәстүрдеқарапайымдылықпенұстамдылықты жоғары қояды.

Ал «Бір мұнаралы тас»мешітініңнаиб имамы АбдуллаЕржанұлы кез келген жетістік білімнен басталатынын ерекшеатап өтті.

«Тәуекел жасау үшін мұсылман адамға ең алдымен білімкерек.Құран Кәрімде түскен алғашқы әмір– «Оқы!».Демек,білім алу қандайдабір амалдан бұрын тұрады.Болашағымызбаянды болсын десек,өсіп келе жатқан ұрпақты ең алдыменбілімді етіп тәрбиелеуіміз қажет», —дедіАбдуллаЕржанұлы.

 Оның айтуынша,білімменәдеп—бір-бірінен ажырамайтынұғымдар.Нағыз білім адамды ізгілікке,жауапкершілікке жәнеқоғам алдындағы міндетін дұрыс түсінуге жетелейді.

Осыойды Ақтөбе облысыныңбас имамы АмантайСадиевтежалғастырады.

«Ең алғашқыаят – «Оқы!».Ілім-ғылыммен басталады.Қазақта«Білімдіадаммыңды жығады,білектіадамбірдіжығады»деген сөзбар.Ілім алу–инемен құдық қазғандай, алсол ілімге амал жасау–кірпікпен құдық қазғандай.Білімніңшамшырағы ешқашан сөнбеуікерек. Егержастарымызбілімді болса,қоғамда сауатты адамдар алға шығады», —дейдіАмантайСадиев.

Бас имамбілімнің адамдытеккәсіби тұрғыдан ғана емес,рухани жағынандакемелдендіретінін атап өтті.

Ал «Ақмешіт-Сырдария»мешітініңнаиб имамыНұрсұлтанУәлиұлы мұсылман мәдениетіндегі сәлемдесудің маңызынатоқталды.

 «Шариғатымызда екі мұсылман кездескен кезде қол алысып, «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкүмәссалам»депамандасады.Пайғамбарымыздың хадисінде: «Екі мұсылманкездесіп,қол алысса,қолдары ажырағанға дейінАллаТағалаолардың күнәларын кешіреді»делінген. Алқұшақтасыпнемесе сүйіп амандасуға қатысты сұрақ қойылғанда,Пайғамбарымыз«Жоқ»деп, текқол алысып амандасудықұптаған», —деді ол.

Бұл насихаттардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған. Ол –қоғамда тәртіпті,мәдениетті,білімді әрі жауапты азаматқалыптастыру.Сәлемдесу әдебінен бастап,білімге ұмтылуғадейінгі құндылықтардың барлығы қоғамдық келісімдінығайтып,адамдар арасындағы сыйластықты арттырады.

Қазақ халқы ежелден тәрбиені бірінші орынға қойған. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді», «Тәрбие– талбесіктен»деген нақылдардаосының дәлелі.Бүгінде бұлқағидалар мемлекеттік саясатпенде,діни насихатпендеүндесіп отыр.

Жастардың білімге ұмтылуы,үлкенді құрметтеп,кішіге ізеткөрсетуі,қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлқы–өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.Сондықтан әдеппенбілімді қатар дәріптеу–елдің болашағына салынған еңмаңызды инвестициялардың бірі.

---

Жарияланды: 2026-08-01T10:56:17+06:00

Жаңартылды: 2026-08-01T10:56:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/08/01/%d3%99dep-pen-bilim-%d2%9bo%d2%93amny%d2%a3-berik-tiregi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.