---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/28/%d2%9banat-bozymbaev-ekszh-%d2%b1ltty%d2%9b-zhobasyn-iske-asyru-bojynsha-negizgi-mindetterdi-belgiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді белгіледі

![Қанат Бозымбаев ЭКСЖ Ұлттық жобасын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді белгіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/2aae7af4-e5c9-4c5f-a110-31b96df24917.jpeg)

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыруға жауапты Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алдағы жұмыстың үш негізгі бағытын айқындады. Өңірлердің басым бөлігі жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Дегенмен,әкімдіктерге 2026 жылдың жобаларын ерекше бақылауға алып,жұмыстардыңбелгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен бірге өңірлер қажетті процедураларды уақытылы өткізіп, келесі құрылыс маусымында жұмыстыүзіліссізбастау үшін 2027 жылға арналған жобаларды алдын ала дайындауы тиіс.

Тұтынушыларды есептеу құралдарымен (есептегіштермен) қамтамасыз етуге бөлек көңіл бөлінді. Тікелей жауапты министрліктерге әкімдіктермен бірлесіп, әр өңірдің қажеттілігін анықтау және 2029 жылға дейін есептегіштерді орнатудың нақты жоспарын бекіту тапсырылды. Қанат Бозымбаевтыңпайымдауынша, су, жылу және электр энергиясын тұтынуды толық есепке алмайынша, коммуналдық саланы толыққанды цифрландыруға өту мүмкін емес.

 Тағы бір тапсырма коммуналдық қызметтерді төлеу кезіндегі тұрғын үй көмегіне қатыстыболды.Оны тағайындау рәсімін жеңілдетіп, автоматтандыру жоспарлануда. Ол үшін бірыңғай есеп айырысу орталықтары мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялануы тиіс, осылайша қажетті мәліметтер автоматты түрде түсіп, азаматтарға құжаттарды қайта жинаудың қажеті болмайды.​​​​​​​​​​​​​​​​

---

Жарияланды: 2026-07-28T12:23:31+06:00

Жаңартылды: 2026-07-28T12:23:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/28/%d2%9banat-bozymbaev-ekszh-%d2%b1ltty%d2%9b-zhobasyn-iske-asyru-bojynsha-negizgi-mindetterdi-belgiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.