---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/27/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-e%d2%a3bek-nary%d2%93ynda-%d3%99jelderdi%d2%a3-r%d3%a9li-ny%d2%93ajyp-keledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанның еңбек нарығында әйелдердің рөлі нығайып келеді

![Қазақстанның еңбек нарығында әйелдердің рөлі нығайып келеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/glav-5.jpg)

2026 жылғы I тоқсанда халықтың [жұмыспен](https://stat.gov.kz/news/3-aza-standa-4-5-millionnan-astam-yel-ekonomikany-rt-rli-salalarynda-e-bek-etude/) қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша, Қазақстандағы жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 527,1 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9% көп.

Олардың ішінде 3 602,0 мың адам (экономикадағы жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 79,6%) жалдамалы қызметкерлер болса, 925,1 мың адам (20,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жұмыспен қамтылған әйелдердің ең көп үлесі дәстүрлі түрде білім беру саласында шоғырланған. Бұл салада 902,2 мың әйел еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санының 19,9% құрайды. Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы – 877,6 мың адам (19,4%), үшінші орында денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы – 426,3 мың адам (9,4%). Сондай-ақ өнеркәсіпте 388,1 мың әйел (8,6%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 351,2 мың әйел (7,8%) жұмыспен қамтылған.

Бір жыл ішінде жұмыспен қамтылған әйелдер санының ең жоғары өсімі жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында (+25,7%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында (+21,9%), көлік және қоймалау қызметінде (+16,2%) және өнеркәсіпте (+7,6%) тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде жұмыспен қамтылған әйелдер санының ең жоғары өсімі Қарағанды облысында (+7,8%), Ақтөбе облысында (+6,5%), Алматы қаласында (+6,3%) және Түркістан облысында (+6,1%) байқалды.

Қала халқы арасында жұмыспен қамтылған әйелдер саны ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары болды. Қалалық жерлерде жұмыспен қамтылған әйелдер саны 3 008,5 мың адамды құрады.

---

Жарияланды: 2026-07-27T14:41:03+06:00

Жаңартылды: 2026-07-27T14:41:03+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/27/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-e%d2%a3bek-nary%d2%93ynda-%d3%99jelderdi%d2%a3-r%d3%a9li-ny%d2%93ajyp-keledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.