---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/24/%d2%b1lytau-oblysy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d3%a9%d2%a3irleri-arasynda-haly%d2%9bty%d2%a3-tabysy-bojynsha-ekinshi-oryn%d2%93a-ie-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

![Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/img_3715.jpeg)

Өңір тұрғындарыныңортаесеппенжан басына шаққандағы табысыайына353мың теңгеге жетті.Бұл–елдегі орташа көрсеткіштеншамамен40%-ға жоғары. Осыкөрсеткіш бойынша Ұлытау облысыҚазақстанның барлық өңірлеріарасында екінші, алоблыстарарасында бірінші орында тұр.

 

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанындағы халықтыңорта есеппенжан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бойынша деректерді жариялады.Мәліметкесәйкес, Ұлытау облысы жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарына енді.

Қаңтар–наурыз айларында өңір тұрғындарыныңорта есеппенжан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 353 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында екінші орынға ие болды. Бірінші орында Алматы қаласы, мұнда жан басына шаққандағы табыс 408,2 мың теңгеге жетті. Сондай-ақөңір көрсеткіші 352,8 мың теңгені құраған Астана қаласынан сәл жоғары нәтиже көрсетті.

Алеліміздіңоблыстарыарасында Ұлытаубірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы — 323,7 мың теңге, Маңғыстау облысы — 288,9 мың теңге және Павлодар облысы — 284 мың теңге орналасқан.

Жалпы Қазақстан бойыншахалықтыңжан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы252,6 мың теңгені құрады. Осылайша Ұлытау облысыныңкөрсеткіші республикалық орташа деңгейден 100 мың теңгеден астамға немесе шамамен 40%-ға жоғары.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2026/07/9597e94c-bfd0-45e0-b959-71e36aff6d46-819x1024.jpeg)

Айтакетукерек,жан басынашаққандағы ақшалай табыс орташажалақы деңгейіне қарағанда әлдеқайдаауқымды ұғым болып табылады.Бұлкөрсеткішкетекеңбек ақысы ғана емес,сонымен қатар зейнетақы,жәрдемақы,кәсіпкерлік қызметтен,мүліктен түсетінкіріс және өзгедеақшалай түсімдеркіреді.Жалпы табыс сомасы өңірдегібарлық тұрғындар санына,оның ішіндебалалар,зейнеткерлер және жұмысістемейтін азаматтарды қоса есептепбөлінеді.

Ұлытау облысының жоғарыкөрсеткіші өңір экономикасыныңқұрылымымен тығыз байланысты.Атапайтқанда,аймақтағы ең ірі жұмысберушілердің бірі«Қазақмыс»компаниялар Тобы болып табылады.Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы,өндірістік және инвестициялықжобалардың іске асырылуы,сондай-ақбілікті мамандарға сұраныстың жоғарыболуы халық табысының өсуіне жәнеЖезқазған,Сәтбаев қалаларыменоблыстың өзгедеелді мекендеріндегііскерлік белсенділіктің артуына ықпалетуде.

---

Жарияланды: 2026-07-24T06:12:12+06:00

Жаңартылды: 2026-07-24T06:12:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/24/%d2%b1lytau-oblysy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d3%a9%d2%a3irleri-arasynda-haly%d2%9bty%d2%a3-tabysy-bojynsha-ekinshi-oryn%d2%93a-ie-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.