---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/20/elde-irimshik-pen-s%d2%afzbe-%d3%a9ndirisini%d2%a3-%d3%a9simi-zhal%d2%93asuda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

![Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/syr.jpg)

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда [25,7 мың тонна](https://stat.gov.kz/news/aza-standa-irimshik-pen-s-zbe-ndirisi-28-artty/) ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті.

2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының  географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.

Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.

Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек сауда бағасы бір килограмына 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында –бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды.

---

Жарияланды: 2026-07-20T11:36:45+06:00

Жаңартылды: 2026-07-20T11:36:45+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [азық-түлік](https://qazaqpress.kz/tag/azyq-tuelik/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/20/elde-irimshik-pen-s%d2%afzbe-%d3%a9ndirisini%d2%a3-%d3%a9simi-zhal%d2%93asuda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.