Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды.
2026 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды.
Данил Голубенконың бастамаға қосылуы еріктілік мәдениетін дамытуға және оның құндылықтарын әлем жастары арасында кеңінен насихаттауға жаңа серпін береді. Оның халықаралық деңгейдегі танымалдығы миллиондаған жастарды қоғамдық пайдалы істерге атсалысуға ынталандырады.
Халықаралық волонтерлер жылының басты мақсаты – еріктілер қозғалысын дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы волонтерлердің үлесін күшейту.