---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/15/mausym-ajynda-%d2%9baza%d2%9bstanda-168-my%d2%a3%d2%93a-zhuy%d2%9b-avtok%d3%a9lik-esepke-%d2%9bojyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

![Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/avto.jpg)

2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары.

Есепке [қойылған](https://stat.gov.kz/news/mausym-ayynda-167-8-my-avtok-lik-esepke-oyyldy/) автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.

Маусым айында есепке қойылған көліктердің қозғалтқыш көлемі бойынша 34,5% 1500–2000 см³ аралығына тиесілі.

Пайдаланылатын отын түрлері бойынша:

- бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%);
- дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%);
- газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%);
- аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%);
- электр қуатымен жүретін – 2 872 көлік құралы (1,7%);
- отын түрі көрсетілмеген – 5 851 көлік құралы.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).

Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.

---

Жарияланды: 2026-07-15T12:46:45+06:00

Жаңартылды: 2026-07-15T12:47:16+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Автокөлік](https://qazaqpress.kz/tag/avtokoelik/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/15/mausym-ajynda-%d2%9baza%d2%9bstanda-168-my%d2%a3%d2%93a-zhuy%d2%9b-avtok%d3%a9lik-esepke-%d2%9bojyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.