---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/14/%d2%9br-osk-barly%d2%9b-sajlau-uchaskeleri-m%d2%afgedektigi-bar-adamdar-%d2%afshin-%d2%9bolzhetimdi-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

![ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/vybory.jpeg)

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мүгедектігі бар сайлаушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында дауыс беруге арналған үй-жайларды толыққанды жабдықтаудың маңыздылығын атап өтті.

> «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. 2021 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясы отырыстарының тікелей көрсетілімдері, сондай-ақ барлық ақпараттық бейнематериалдар ымдау тіліне аударумен сүйемелденеді. 2022 жылдан бері дауыс беру бюллетеньдеріне арналған Брайль қарпімен трафареттер дайындалып келеді. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру бюллетенін толтыру тәртібі бойынша аудионұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі. 2025 жылдан бастап «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен барлық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктері жөніндегі бейнеоқыту курсы әзірленіп, қолданылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар инватакси қызметін көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін тексеру жұмыстарына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін белсенді түрде тартуды ұсынамыз», — деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

Сондай-ақ дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар сайлаушылар туралы мәліметтерді өзектендіру қажеттігі атап өтілді.

---

Жарияланды: 2026-07-14T13:39:42+06:00

Жаңартылды: 2026-07-14T13:39:42+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/14/%d2%9br-osk-barly%d2%9b-sajlau-uchaskeleri-m%d2%afgedektigi-bar-adamdar-%d2%afshin-%d2%9bolzhetimdi-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.