Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саяхат

FlyArystan қытайлық блогерлерге Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

Анатолий Пак by Анатолий Пак
9 июля, 2026
FlyArystan қытайлық блогерлерге Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының туризм басқармаларының қолдауымен қытайлық тревел-блогерлерге, туристік агенттіктер мен туроператорларының өкілдеріне арналған таныстыру турын ұйымдастырды. Жоба Қытай нарығында Қазақстанның туристік бағыттарын насихаттауға бағытталған. Жобаның Алматы қаласындағы серіктесі Kite Travel туроператоры болды.

Байланысты

Ішкі туризмнің жаңа орталығы Алакөл биыл 2 млн турист қабылдайды

Ұшаққа өзіңізбен бірге не алуға болады: FlyArystan жолаушыларына арналған нұсқаулық

Шымкенттің жаңа терминалы: бірыңғай экожүйе әуежай жұмысын қалай жаңаша ұйымдастырады

4-7 шілде аралығында қытайлық инфлюенсерлер мен туристік сала өкілдерінен құралған екі топ бір мезгілде еліміздің екі өңіріне – Алматы қаласы мен Маңғыстау облысына саяхат жасады. Бірнеше күн ішінде олар Қазақстанның бірегей табиғатымен, мәдени мұрасымен және заманауи инфрақұрылымымен танысты.

Маңғыстау облысында топ Жығылған мүйісін, Сұлтан Епе және Шақпақ ата жерасты мешіттерін, Торыш алқабын, Шерқала мен Айрақты тауларын, Қызылқұп шатқалын, сондай-ақ әйгілі Бозжыра үстіртін аралады.

Сонымен қатар жеті қытайлық инфлюенсерден құралған екінші топ Алматы өңірінің танымал туристік орындарын аралады. Бағдарлама аясында олар Шымбұлақ тау курортына, Көктөбеге, Көлсай және Қайыңды көлдеріне, Шарын шатқалына, Huns этноауылына, Bizdin Auyl кешеніне, Oi-Qaragai тау курортына және Көк базарға барып, жергілікті асхана, мәдениет пен дәстүрлермен танысты.

Блог-турға қатысушылардың жалпы аудиториясы 13,5 миллионнан астам оқырманды құрайды. Сапар барысында авторлар фото және бейнематериалдар түсірді. Олар кейіннен Қытайдың ең ірі әлеуметтік желілерінде, соның ішінде RedNote (Xiaohongshu), Douyin және Weibo платформаларында жарияланады.

FlyArystan маркетинг және коммуникациялар жөніндегі директоры, Жанар Жайлауова:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Қытай Қазақстан үшін негізгі кірме туристік нарықтардың бірі болып қала береді. Цифрлық контент авторларымен серіктестік шетелдік туристерге елімізге саяхаттаудың шынайы тәжірибесін көрсетіп, Қазақстанның танымалдылығын арттыруға және жаңа бағыттарға қызығушылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Блогерлердің жеке тәжірибесі мен шынайы әсерлері арқылы біз Маңғыстаудың ерекше табиғи ландшафттарынан бастап Алматының тау курорттарына дейінгі өңірлеріміздің сан қырлы мүмкіндіктерін таныстырамыз».

Блог-тур FlyArystan компаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту жөніндегі бастамаларының бір бөлігі болды. Бүгінде әуекомпаниясы Алматы – Сиань, Астана – Үрімші, Ақтау – Үрімші және Алматы – Инин (Құлжа) бағыттары бойынша тікелей рейстерді орындап, екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етуде.

Tags: АлматытуризмҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

Келесі жаңалық

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Смолякова Respublica ұсынған бастамалардан кейін Алакөлде қауіпсіздік күшейтіліп, жағажайлар кеңейтіліп, инфрақұрылым жақсартылатынын мәлімдеді
Саяхат

Ішкі туризмнің жаңа орталығы Алакөл биыл 2 млн турист қабылдайды

7 июля, 2026
Ұшаққа өзіңізбен бірге не алуға болады: FlyArystan жолаушыларына арналған нұсқаулық
Саяхат

Ұшаққа өзіңізбен бірге не алуға болады: FlyArystan жолаушыларына арналған нұсқаулық

19 июня, 2026
Шымкенттің жаңа терминалы: бірыңғай экожүйе әуежай жұмысын қалай жаңаша ұйымдастырады
Саяхат

Шымкенттің жаңа терминалы: бірыңғай экожүйе әуежай жұмысын қалай жаңаша ұйымдастырады

10 июня, 2026
Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде
Саяхат

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

9 июня, 2026
FlyArystan Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерін жазғы навигацияда жалғастыруда
Саяхат

FlyArystan Орталық Азиядағы маршруттық желісін дамытуды жалғастыруда: Алматыдан Үргенішке тікелей рейстер

29 мая, 2026
FlyArystan Алматы – Инин – Алматы рейсінің бір жылдығын атап өтті
Саяхат

FlyArystan Алматы – Инин – Алматы рейсінің бір жылдығын атап өтті

20 мая, 2026
Келесі жаңалық
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Доллар бағамы түсті

26 февраля, 2021
CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

16 июля, 2025
Бір жылда жарма бағасы 27% қымбаттады

Бір жылда жарма бағасы 27% қымбаттады

11 июля, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
  • Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.