Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

Анатолий Пак by Анатолий Пак
9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

Қазақстанда жаз мезгілі әлдеқашан ауа баптағыштар сән-салтанат саналатын уақыт болудан қалды. Жыл сайын ыстық күндер ертерек басталып, соған сәйкес тұрғын үйдегі жайлылықты қамтамасыз ететін климаттық техникаға деген сұраныс артып келеді. OLX Қазақстанның талдау қызметі маусымдық фактор мен баға өзгерістерінің өзара байланысын зерттеп, 2026 жылғы мамыр және маусым айларында қандай техникаға сұраныс жоғары болғанын анықтады.

Байланысты

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Нарық аптап ыстықпен бірге жанданды

Мамыр мен маусым айларын салыстырсақ, дәл жаздың басында климаттық техника нарығының айтарлықтай жанданғанын байқауға болады. Сатушылар барлық дерлік санаттар бойынша хабарландыруларды едәуір жиі жариялай бастаған.

Кондиционерлерді сату туралы хабарландырулар саны 31,5%-ға, мобильді кондиционерлер бойынша – бірден 73%-ға, ал желдеткіштер бойынша шамамен 61%-ға артқан. Бұл сатушылардың маусымдық сұранысты алдын ала ескеріп, салқындатқыш техника ұсынысын белсенді түрде көбейткенін көрсетеді.

Сатып алушылардың белсенділігі де айтарлықтай өсті. Ең жоғары өсім мобильді кондиционерлер санатында байқалды: хабарландыруларға берілген кері байланыстар саны 110,4%-ға артып, екі еседен асты. Желдеткіштерге деген қызығушылық та 23,2%-ға өсті.

Ал классикалық кондиционерлер санатында күтпеген үрдіс қалыптасты. Хабарландырулар саны көбейгенімен, оларға берілген пікірлер саны шамамен 10,4%-ға азайды. Ұсыныстардың көбеюі сатып алушыларға таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, қызығушылықтың көптеген хабарландыру арасында біркелкі бөлінуіне әсер етті.

Неліктен мобильді кондиционерлер барған сайын танымал болуда?

Классикалық кондиционерлер әлі де тұрғын үйді салқындатудың негізгі құралы болғанымен, осы маусымдағы ең қарқынды өсіп жатқан санат – мобильді кондиционерлер.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Олардың басты артықшылығы – күрделі орнатуды қажет етпеуі. Мобильді кондиционерді жалдамалы пәтерде пайдалануға, бөлмелер арасында оңай ауыстыруға немесе қоныс аударғанда өзіңізбен бірге алып кетуге болады. Сондықтан дәл осы санат хабарландырулар саны бойынша да, сатып алушылар қызығушылығы бойынша да ең жоғары өсімді көрсетті.

Желдеткіштер де тұрақты сұранысқа ие болып отыр. Көптеген қазақстандықтар үшін олар ыстық күндерді көп шығынсыз өткізудің ең қолжетімді тәсілі болып қала береді.

Маусым қызғанымен техника қымбаттаған жоқ

Көпшілік жаз мезгілінде климаттық техниканың бағасы міндетті түрде өседі деп есептейді. Алайда деректер керісінше жағдайды көрсетіп отыр.

Маусым айында кондиционерлердің орташа бағасы 96,4 мың теңгені құрады. Ал мамырда бұл көрсеткіш 107,2 мың теңгеден асқан болатын. Осылайша баға шамамен 10%-ға төмендеді.

Мобильді кондиционерлердің бағасы одан да көбірек арзандады. Олардың орташа құны 106,6 мың теңгеден 84,7 мың теңгеге дейін төмендеп, шамамен 20,5%-ға азайды.

Ең үлкен өзгеріс желдеткіштер санатында тіркелді. Мамыр айында олардың орташа бағасы шамамен 42,8 мың теңге болса, маусымда 19,9 мың теңгені құрады. Яғни баға екі еседен астам төмендеген.

Мұндай өзгеріске нарықтағы ұсыныстың күрт артуы ықпал етті. Сатушылар саны көбейген сайын бәсекелестік күшейіп, сатып алушылар үшін тиімді ұсыныстар саны да артты.

Қайталама нарық сұранысын сақтап отыр

Жаңа және бұрын пайдаланылған техниканың бағасы арасындағы айырмашылық сатып алушыларға едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа кондиционердің орташа бағасы 105,1 мың теңгені құраса, пайдаланылған кондиционерді шамамен 99,1 мың теңгеге сатып алуға болады.

Жаңа мобильді кондиционерлер орта есеппен 99,9 мың теңгеден сатылса, бұрын пайдаланылған үлгілердің бағасы шамамен 90,3 мың теңгені құрайды.

Желдеткіштер санатында айырмашылық бұдан да айқын. Жаңа үлгілердің орташа бағасы 32,4 мың теңге болса, пайдаланылған желдеткіштердің орташа құны 25,6 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар қайталама нарықта жаңа үлгілермен салыстырғанда кондиционерлер мен елдеткіштердің ұсынысы көбірек. Бұл аптап ыстық аяқталғаннан кейін маусымдық техниканы қайта сату мәдениетінің қалыптасқанын көрсетеді.

Климаттық техника нарығы жаздың алғашқы апталарынан бастап белсенді өзгере бастайды. Дәл осы кезеңде ұсыныстар саны күрт көбейіп, сатып алушылардың таңдау мүмкіндігі айтарлықтай кеңейеді.

Tags: OLXанаҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

FlyArystan қытайлық блогерлерге Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырды

Келесі жаңалық

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

13 июля, 2026
Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
Категориясыз

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

13 июля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

24 октября, 2022
Еліміздегі 116 жастаы ен карт турын дауыс берді

Еліміздегі 116 жастаы ен карт турын дауыс берді

15 марта, 2026
Инсульттің қайталану мүмкіндігін қалай азайтуға болады

Инсульттің қайталану мүмкіндігін қалай азайтуға болады

3 июня, 2024

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
  • Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.