---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/09/%d2%9baza%d2%9bstanda-haly%d2%9bty%d2%a3-a%d2%9bshalaj-tabysyny%d2%a3-k%d3%a9rsetkishteri-artyp-keledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

![Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/tenge.jpg)

2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына [252 619 теңгені](https://stat.gov.kz/industries/labor-and-income/stat-life/publications/304504/) құрады және 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.
Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.

---

Жарияланды: 2026-07-09T14:11:38+06:00

Жаңартылды: 2026-07-09T14:11:38+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/09/%d2%9baza%d2%9bstanda-haly%d2%9bty%d2%a3-a%d2%9bshalaj-tabysyny%d2%a3-k%d3%a9rsetkishteri-artyp-keledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.