Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Спорт

Әлемдік спорттың орталығына айналған Қазақстан: еліміз 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды

Анатолий Пак by Анатолий Пак
8 июля, 2026
Әлемдік спорттың орталығына айналған Қазақстан: еліміз 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алды

Фото: Федерация спортивной борьбы России

Биыл қазан айында еліміз күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдаса, 2027 жылы олимпиадалық спорт түрлері бойынша үстел теннисі, дзюдо, бокс, таеквондо, сондай-ақ киберспорт пен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары ұйымдастырылады.

Байланысты

Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Жезқазғанда «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026» өз мәресіне жетті

Алматы тұрғындары Әлем чемпионатын көшеде тамашалап жүр: CITIX пен Кинопоиск FIFA 2026 матчтарының есебін қалалық смартбордтарда нақты уақыт режимінде көрсетуде

Елімізде ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізу – Мемлекет басшысының спортты дамыту, елдің халықаралық беделін нығайту және Қазақстанды өңірдегі жетекші спорт орталықтарының біріне айналдыру жөніндегі тапсырмаларын жүйелі іске асырудың нәтижесі.

2027 жылы әлем чемпионаттарының барлығы Астана қаласында ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтар аралығында, бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты 7-14 маусымда, ал таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілде күндері өтеді. Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл – Қазақстанның спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастырушы әлеуетінің жоғары деңгейде екенін айғақтайтын маңызды жетістік. Сонымен қатар бұл әлемдік спорт қауымдастығы алдындағы зор жауапкершілікті де білдіреді.

Әлем чемпионаттарына дүниежүзінің ең үздік спортшылары қатысады деп жоспарланған. Мұндай дүбірлі додалар отандық спорттың дамуына тың серпін беріп, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар ауқымды халықаралық жарыстар оқиғалық туризмнің дамуына, қонақүй бизнесінің жандануына, қызмет көрсету саласы мен инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізіп, Қазақстанның халықаралық имиджін одан әрі нығайтады.

Осындай деңгейдегі халықаралық жарыстарды өткізу – спорт инфрақұрылымын жүйелі дамыту, жарыстарды ұйымдастыру сапасын арттыру және халықаралық спорт федерацияларымен ынтымақтастықты нығайту бағытында жүргізілген кешенді жұмыстың нәтижесі. Бүгінде Қазақстан әлемдік деңгейдегі ең ірі спорт жарыстарын халықаралық стандарттарға сай ұйымдастыра алатын мемлекеттердің қатарына сенімді түрде енгенін атап өткен жөн.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Tags: СпортҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақмыс» мыс балқыту өндірістерін экологиялық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруда

Келесі жаңалық

«Қазақмыс» Нұрқазған фабрикасында жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысын бастады

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды
Спорт

Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

20 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026» өз мәресіне жетті
Спорт

Жезқазғанда «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026» өз мәресіне жетті

15 июля, 2026
Алматы тұрғындары Әлем чемпионатын көшеде тамашалап жүр: CITIX пен Кинопоиск FIFA 2026 матчтарының есебін қалалық смартбордтарда нақты уақыт режимінде көрсетуде
Спорт

Алматы тұрғындары Әлем чемпионатын көшеде тамашалап жүр: CITIX пен Кинопоиск FIFA 2026 матчтарының есебін қалалық смартбордтарда нақты уақыт режимінде көрсетуде

24 июня, 2026
Тәжірибе мен жастықтың үйлесімі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атағын қайтарды
Спорт

Тәжірибе мен жастықтың үйлесімі: Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атағын қайтарды

24 июня, 2026
Қазақстанның ұлттық спорт университеті проректоры Александр Нефтисов жаңа подкастта: «Спорт — бұл математика емес, мұнда ойлану керек» деп мәлімдеді
Спорт

Қазақстанның ұлттық спорт университеті проректоры Александр Нефтисов жаңа подкастта: «Спорт — бұл математика емес, мұнда ойлану керек» деп мәлімдеді

11 июня, 2026
Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады
Басты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

14 августа, 2025
Келесі жаңалық
«Қазақмыс» Нұрқазған фабрикасында жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысын бастады

«Қазақмыс» Нұрқазған фабрикасында жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысын бастады

Фестиваль ортасындағы смарт-қала: CITIX қалалық сервистерді OYU Fest аясында қалай көрсетті

Фестиваль ортасындағы смарт-қала: CITIX қалалық сервистерді OYU Fest аясында қалай көрсетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы дәрігері инсульттің белгілері туралы айтып берді

Алматы дәрігері инсульттің белгілері туралы айтып берді

3 июля, 2023
Көлік өзіңдікі болса, қымбатырақ, ал Астанада жүк жеткізу арзанырақ: кәсіпкерлердің жүк тасымалына қанша жұмсайтыны анықталды

Көлік өзіңдікі болса, қымбатырақ, ал Астанада жүк жеткізу арзанырақ: кәсіпкерлердің жүк тасымалына қанша жұмсайтыны анықталды

19 июня, 2025
Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

23 марта, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.