Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

- by -
4 июля, 2026
Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

«Біздің басқа Отанымыз жоқ. Біртұтас ұлт болып жұмылып, қоғамды біріктіре алсақ, кез келген белесті бағындырып, алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз», — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында айтқан осы сөзі жаңа саяси кезеңнің басты бағдарына айналды. Бүгін сол кезеңнің маңызды оқиғаларының бірі өтті: Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті.

Байланысты

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

Елордада Respublica партиясының кезектен V тыс съезі өтті. Оған партия басшылығы, Орталық және өңірлік кеңестердің мүшелері, филиал төрағалары, депутаттар, сондай-ақ Respublica Jastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері қатысты. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды кезеңге қатысты негізгі шешімдерді қабылдады.

Съезде партияның үш жылдағы жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт ішінде Respublica өз бағдарламасын заң шығару қызметі, қоғамдық бастамалар және өңірлік желіні дамыту арқылы жүйелі түрде іске асырды. Партия депутаттары ондаған заңнамалық бастама көтеріп, депутаттық сауалдар жолдады, азаматтардың 12 мыңнан астам өтінішін қарады, жастар мен әйелдерге арналған ірі білім беру жобаларын жүзеге асырып, партияның кадрлық резервін қалыптастырды.

Делегаттар партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдады. Құжат жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіріліп, партияішілік басқару жүйесін жетілдіруге, Орталық аппарат пен өңірлік құрылымдардың жұмыс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ашықтық пен ішкі партиялық демократияны күшейтуге бағытталған. Өзгерістер қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуді, өңірлік ұйымдардың рөлін арттыруды және кадрлық рәсімдерді жетілдіруді көздейді.

Съездің негізгі шешімдерінің бірі — Respublica партиясының жаңа сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат «Азаматтың игілігі – Жауапты қоғам – Тиімді мемлекет – Қауіпсіз ел» қағидатына негізделген. Бағдарлама кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, цифрландыру, құқықтық институттарды нығайту, адами капиталды дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты бастамаларды қамтиды.

Бағдарламаны таныстырған партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров:

«Қазақстанның басты байлығы – жер қойнауындағы қазба байлық емес, оның адамдары. Біз экономиканы тыңдайтын, жаңа салаларды қолдайтын және адал бәсекені қорғайтын мемлекет құру үшін жұмыс істейміз», – деді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова бағдарламаның индустриялық блогын таныстырып, нақты секторды қолдау басымдықтарына тоқталды. «Мен машина жасау саласында жұмыс істеймін және қазақстандық өндірушілердің күнделікті кездесетін мәселелерін жақсы білемін. Сондықтан базалық салаларды дамытуға арналған нақты әрі есептелген шешімдер қажет», – деді ол.

Съезде сайлауға қатысатын Respublica партиясының кандидаттар тізімі де бекітілді. 76 кандидаттан құрылған тізім жаңару, кәсібилік және кең қоғамдық өкілдік қағидаттары негізінде жасақталған. Кандидаттардың орташа жасы – 40,9 жас. Тізімге 44 ер азамат, 32 әйел, 11 жас, мүгедектігі бар 3 азамат, сондай-ақ PolitIQ мектебі мен партияның кадрлық резервінен шыққан 10 түлек енді.

Делегаттар партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттік мерзімін тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдап, Бақылау-тексеру комиссиясының жаңартылған құрамын бекітті.

Съезд қорытындысында партия басшылығы Respublica ұйымдастырушылық қалыптасу кезеңін аяқтап, жаңа сайлауалды бағдарламамен, кәсіби командамен және елді дамытуға арналған нақты ұсыныстармен саяси дамудың келесі кезеңіне қадам басқанын мәлімдеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

Келесі жаңалық

Олар тек ұрандатты. Үш жыл өтті. Нәтиже қайда? — «Ақ жол» съезде қарсыластарына жауап берді

-

-

Байланысты жаңалықтар

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

3 июля, 2026
KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды

1 июля, 2026
Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
Цифрлық мониторинг: «Қазақмыс» байыту фабрикалары жұмысының сенімділігін арттыруда
Категориясыз

Цифрлық мониторинг: «Қазақмыс» байыту фабрикалары жұмысының сенімділігін арттыруда

23 июня, 2026
Келесі жаңалық
Олар тек ұрандатты. Үш жыл өтті. Нәтиже қайда? — «Ақ жол» съезде қарсыластарына жауап берді

Олар тек ұрандатты. Үш жыл өтті. Нәтиже қайда? - "Ақ жол" съезде қарсыластарына жауап берді

«Ауыл» партиясы Саяси кеңесі мүшелерінің жартысына жуығын аграрлық сала өкілдері құрады

«Ауыл» партиясы Саяси кеңесі мүшелерінің жартысына жуығын аграрлық сала өкілдері құрады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қайрат Нұртас әнші Динара Әлжанның айтқанын жоққа шығарды

Қайрат Нұртас әнші Динара Әлжанның айтқанын жоққа шығарды

30 марта, 2023
Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

5 декабря, 2020
Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды

Кейінгі тәулікте 112 адамнан коронавирус анықталды

13 января, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.