---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/03/czifrly%d2%9b-tehnologiyalar-%d2%9baza%d2%9bmys-geologiyaly%d2%9b-barlauyny%d2%a3-tiimdiligin-arttyruda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Цифрлық технологиялар «Қазақмыс» геологиялық барлауының тиімділігін арттыруда

![Цифрлық технологиялар «Қазақмыс» геологиялық барлауының тиімділігін арттыруда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/glav-3.jpeg)

Минералдық-шикізат қорын дамыту – «Қазақмыс» Тобының стратегиялық басымдықтарының бірі. Осы мақсатта «Kazakhmys Barlau» ЖШС геологиялық барлау жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін кезең-кезеңімен енгізіп келеді.

2026 жылы цифрлық технологияларды қолдана отырып 20 геологиялық барлау жобасы іске асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 18,2 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі таңда цифрлық шешімдер геологиялық деректерді жинаудан бастап, кернді зерттеуге, бұрғылау техникасын онлайн бақылауға және цифрлық геологиялық модельдер құруға дейінгі барлық негізгі үдерістерді қамтиды. Бірыңғай цифрлық орта қалыптастырылып, 50 бірлік техникаға онлайн-мониторинг енгізілді, шалғай нысандарда Starlink спутниктік байланысы іске қосылуда. Ал Жезқазғандағы Геологиялық кластерде ANCORELOG және LithoLens жасанды интеллект кешендері қолданылуда.

Геологиялық барлауды кешенді цифрландыру болжам жасау дәлдігін арттырып, өндірістік шешімдерді жедел қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға және минералдық-шикізат қорын тиімді толықтыруға мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2026-07-03T05:34:24+06:00

Жаңартылды: 2026-07-03T05:34:24+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Казахмыс](https://qazaqpress.kz/tag/kazahmys/), [цифрлық трансформация](https://qazaqpress.kz/tag/czifrly%d2%9b-transformacziya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/03/czifrly%d2%9b-tehnologiyalar-%d2%9baza%d2%9bmys-geologiyaly%d2%9b-barlauyny%d2%a3-tiimdiligin-arttyruda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.