Жаз мезгілі басталысымен қала сыртындағы демалысқа деген қызығушылық дәстүрлі түрде артады. Көптеген қазақстандықтар үшін саяжайды немесе қала сыртындағы үйді жалға алу шетелге саяхаттаудың тиімді баламасына айналды. Мұндай демалыс форматы әуе билеттері мен құжат рәсімдеуге қосымша шығын шығармай-aқ демалыс күндерін немесе еңбек демалысын табиғат аясында өткізуге мүмкіндік береді. OLX Қазақстанның талдау қызметі қысқа мерзімді жалға беру нарығын зерттеп, аз мезгілінде қала сыртындағы тұрғын үй ұсыныстары еліміздің барлық дерлік өңірлерінде бар екенін, ал жалдау құны нысанның орналасқан жері мен түріне қарай айтарлықтай ерекшеленетінін анықтады.
OLX Қазақстанның талдау қызметінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы маусымда платформада жарияланған хабарландырулар бойынша қала сыртындағы жылжымайтын мүлікті жалға алудың орташа құны 55,9 мың теңгені құрады. Сонымен қатар жалдау бағасы өңірге, нысанның ауданына және сипаттамаларына байланысты едәуір өзгереді.
Платформадағы хабарландырулар арасында ең жоғары орташа жалдау бағасы Батыс Қазақстан облысында тіркелді – бір нысан үшін шамамен 120 мың теңге. Одан кейін орташа бағасы 81,7-ың теңгені құраған Қарағанды облысы, 65 мың теңгемен Ақтөбе облысы, 62,6 мың теңгемен Алматы облысы, сондай-ақ орташа жалдау құны шамамен 60 мың теңгені құраған Павлодар және Түркістан облыстары орналасқан.
Алматы облысы елдегі ең ірі мегаполиске жақын орналасуы және табиғи демалыс орындарының алуан түрлілігі арқасында қала сыртындағы демалыс үшін ең сұранысқа ие бағыттардың бірі болып қала береді. Платформада мұнда шағын саяжайлардан бастап кең қала сыртындағы үйлерге дейінгі көптеген нысандар ұсынылған, бұл баға ұсыныстарының әртүрлі болуына ықпал етеді.

Хабарландыруларды талдау жалдау құнының тек өңірге ғана емес, тұрғын үйдің түріне де айланысты екенін көрсетті. 2026 жылғы маусымда бір бөлмелі нысандарды жалға алудың орташа құны 32,5 мың теңгені, екі бөлмелі тұрғын үйлер – 53,9 мың теңгені, ал үш бөлмелі нысандар – 59,2 мың теңгені құрады.
Платформада бұдан да кең тұрғын үйлер ұсынылған. Мысалы, төрт бөлмелі қала сыртындағы үйлерді жалға алудың орташа құны 150 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш нақты нысандардың ерекшеліктеріне, рналасқан жеріне немесе жалдау шарттарына байланысты болуы мүмкін.
Жазғы маусым жақындаған сайын платформадағы ұсыныстар саны да көбейеді. Ең көп нысандар Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында жарияланған.
Қала сыртындағы демалыс жазғы бос уақытты өткізудің сұранысқа ие форматы болып қала береді. Көптеген отбасылар үшін саяжайды жалға алу табиғат аясында демалыс күндерін өткізуге, ұзақ жолға шықпайқ шағын демалыс ұйымдастыруға және шығындарды икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарықта бюджеттік нұсқалардан бастап жайлылығы жоғары қала сыртындағы демалыс үйлеріне дейінгі әртүрлі ұсыныстар бар.
Қолда бар деректер Қазақстанда қала сыртындағы тұрғын үйді жалға алу құнының өңір мен нысанның сипаттамаларына тікелей байланысты екенін көрсетеді. Соған қарамастан, бағадағы айырмашылықтарға қарамай, нарық кеңейіп, ұсыныстар саны мен алуандығы артып келеді. Бұл қала сыртындағы демалысты жалға алушылардың әртүрлі санаты үшін қолжетімді ете түсуде.











Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз