---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/07/01/kmf-bank-pen-e%d2%9b%d2%9bdb-%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-k%d3%99sipkerlikti-%d2%9boldau%d2%93a-zhalpy-somasy-50-mln-dollardy-%d2%9b%d2%b1rajtyn-eki-kelisimge-%d2%9bol-%d2%9bojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды

![KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/07/img_2556-scaled.jpeg)

Алматы, 1 шілде—KMFБанкпен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) жалпы сомасы 50 млн АҚШ долларын құрайтын қаржыландырудытарту бойынша екі келісімге қол қойды. Оның 40 млн долларыҚазақстандағы микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталады, ал тағы10 млн доллар әйел кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Бизнестегі әйелдер II» бағдарламасы аясында ұсынылады.

Тартылғанқаражат кәсіпкерлердің көпшілігінебизнесті дамыту және ауқымын кеңейту үшін қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Бизнестегі әйелдер II» бағдарламасы аясында кәсіпкер әйелдер қаржыландырумен қатар, өз ісін одан әрі дамыту үшін консультациялық қолдау мен сараптамалық ұсынымдарды да пайдалана алады.

Кәсіпкерлерді қолдау KMF Банктіңнегізгібағыттарының бірі болып қалабереді. Бүгінде банкнесиепортфелінің 90%-дан астамы бизнесті қаржыландыруға, оның ішінде аграрлық сектор мен әйелдер кәсіпкерлігі жобаларына тиесілі. Сонымен қатар, банк клиенттік базасының 55%-ын әйелдер құрайды.

«Бизнесті қолдауKMF Банктің қашан данегізгі миссиясы болды және солай болып қала береді. ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық кәсіпкерлерге, микро, шағын және орта кәсіпорындарға тұрақты өсім үшін қажетті ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуге, өңірлерде бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға және ел экономикасындағы әйелдердің рөлін күшейтуге ықпал етеді. Біз үшін бұл келісімдердіңмаңызы ерекше, себебі олар—бізбанк лицензиясын алғаннан кейін халықаралық қаржы институтымен жасалған алғашқыкелісімдер. ЕҚҚДБ тарапынан көрсетілген қолдауKMF Банккедеген жоғары сенімді растайды жәнеоныҚазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы көпжылдық еңбегіміздің мойындалуыдеп білеміз»,—деп атап өтті KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

KMF Банкпен ЕҚҚДБ арасында табысты ынтымақтастықтәжірибе бұрыннан бар. Бұған дейін тараптар жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларын, білім беру жобаларын және Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған менторлық бағдарламаларды қоса алғанда,бірқатар бірлескен бастаманыжүзеге асырды.

*Банкоперацияларын жүргізугеҚНРДА 25.11.2025 жылыберген №1.1.121 лицензия*

---

Жарияланды: 2026-07-01T12:23:41+06:00

Жаңартылды: 2026-07-01T12:23:41+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/07/01/kmf-bank-pen-e%d2%9b%d2%9bdb-%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-k%d3%99sipkerlikti-%d2%9boldau%d2%93a-zhalpy-somasy-50-mln-dollardy-%d2%9b%d2%b1rajtyn-eki-kelisimge-%d2%9bol-%d2%9bojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.