---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/06/20/almatyda-supermarket-%d2%9byzmetkerine-agressiya-tanyt%d2%9ban-%d3%99jel-zhauapkershilikke-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды

![Алматыда супермаркет қызметкеріне агрессия танытқан әйел жауапкершілікке тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/06/img_4847-scaled.jpeg)

Әлеуметтік желілерде супермаркет қызметкеріне қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасаған әйелдің видеосы тарады. Оқиға Алматы қаласында болған.

Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқан азаматшаның жеке басы анықталды.

Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сот шешімімен әйел 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады және агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің жол берілмейтінін ескертеді.

Ведомствоның хабарлауынша, мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.

Сонымен қатар, полиция азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұрады. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген.

Полиция өзара сыйластық пен ынтымақты сақтау, сондай-ақ заң мен тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз орындау қоғамдық келісім мен ел бірлігінің маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті.

---

Жарияланды: 2026-06-20T05:08:42+06:00

Жаңартылды: 2026-06-20T05:08:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/06/20/almatyda-supermarket-%d2%9byzmetkerine-agressiya-tanyt%d2%9ban-%d3%99jel-zhauapkershilikke-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.