Әлеуметтік желілерде супермаркет қызметкеріне қатысты агрессивті әрі әдепсіз әрекет жасаған әйелдің видеосы тарады. Оқиға Алматы қаласында болған.
Полиция мәліметінше, жанжалға қатысқан азаматшаның жеке басы анықталды.
Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталып, сот шешімімен әйел 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп талаптарын қатаң сақтауға шақырады және агрессияның, әдепсіз мінез-құлықтың, сондай-ақ қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін кез келген арандатушылық әрекеттердің жол берілмейтінін ескертеді.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылады.
Сонымен қатар, полиция азаматтардан құқыққа қайшы контентті таратудан бас тартуды сұрады. Өйткені мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті жауапкершілік көзделген.
Полиция өзара сыйластық пен ынтымақты сақтау, сондай-ақ заң мен тәртіп қағидаттарын мүлтіксіз орындау қоғамдық келісім мен ел бірлігінің маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз