Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанның көшбасшы өңірлерінің қатарына енді

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанның көшбасшы өңірлерінің қатарына енді
Фото: ortcom.kz

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы қаңтар–мамыр айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебіне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Ұлытау облысындағы орташа айлық жалақы мөлшері 655 995 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысындағы орташа жалақы деңгейінен жоғары. Бұдан бөлек, өңірдегі орташа номиналды жалақы мөлшері 461 486 теңгені құрайтын республикалық орташа деңгейден асып түсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, еңбекақы деңгейі бойынша көш бастап тұрған үштік қатарында мыналар бар:

Осылайша орташа айлық жалақы көлемі бойынша Ұлытау облысы еліміздің екі мегаполисін басып озды: Астанада бұл көрсеткіш 609 725 теңгені, Алматыда 574 162 теңгені, ал Шымкентте 350 374 теңгені құрады.

Айта кету керек, жоғары жалақы деңгейіне тау-кен металлургия кешені мен өңірдегі ең ірі жұмыс беруші болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясының қызметі ықпал етіп отыр. Өндірістік жобаларды іске асыру Ұлытау облысына білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ кадрлар үшін мұнайлы өңірлермен және ірі қалалармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.