Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Анатолий Пак by Анатолий Пак
16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

«Қазақмыс» Тобы үшін минералдық-шикізат қорын дамыту басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып қала береді. Бүгінде геологиялық барлау жұмысының басым бөлігі Қазақстанның мыс өнеркәсібінің тарихи орталығы және компанияның қызмет ететін негізгі өңірі — Ұлытау облысында шоғырланған.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

2026 жылы «Қазақмыс» Жезқазған өңіріндегі геологиялық барлау жұмысын қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайтты. Бұған дейін бұл мақсатқа жыл сайын шамамен 5 млн АҚШ доллары бағытталса, бүгінде инвестиция көлемі жылына 40 млн долларға дейін жетті. Қаражат Жезқазған кен алабының терең қабатын зерттеуге, жаңа перспективалы учаскелерді іздеуге және өңірдің минералдық-шикізат қорын кеңейтуге бағытталуда.

Сонымен қатар компания бұрғылау жұмысының көлемін айтарлықтай арттыруда. Егер алдыңғы жылдары пайдалану мақсатындағы бұрғылаудың көлемі жылына шамамен 63 мың қума метрді құраса, 2026 жылы тек Жезқазған бағыты бойынша 62,4 мың қума метр геологиялық барлау үшін бұрғылау жүргізу жоспарланған. Бұл ретте айта кетерлігі, Жезқазған компанияның геологиялық барлау бағдарламасындағы үш өңірлік бағыттың бірі болып саналады. Осыған орай геологиялық барлау жұмысының жалпы ауқымы шамамен екі есеге ұлғайды.

Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлытау облысында қазірдің өзінде алты заманауи жерүсті бұрғылау қондырғысы іске қосылды. Бұған қоса жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын үш жерасты бұрғылау агрегаты мен қосалқы техниканы сатып алу жұмысы жүргізілуде. Жерүсті бұрғылау жұмысына арналған екі бұрғылау қондырғысы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ бұрғылау бригадаларының жұмысына қолайлы жағдай жасау және инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жалғасуда.

2025 жылы жүргізілген геофизикалық зерттеудің қорытындысы бойынша үш перспективалы учаскеде бұрғылау жұмысы басталды. Оңтүстік Итауыз, Соркұдық–Жартас учаскелерінде және Жыланды кен орындары тобында қосымша жұмыс атқару жоспарланған. Терең қабаттарда жүргізіліп жатқан зерттеулер Жезқазған кен
орнының геологиялық құрылымы туралы жаңа дерек алуға, сондай-ақ тереңде жатқан кен денелерінің әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Кен орындарының терең қабаты мен қапталдарын зерттеу жобаларына салынған жалпы инвестиция көлемі техника сатып алуды қоспағанда 2,27 млрд теңгені құрайды. Мамыр айынан бастап қосымша бұрғылау күші жұмылдырылып, шілде айына қарай өндірістік алаңдарда онға жуық бұрғылау қондырғысын пайдалану жоспарлануда.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жүргізілген жүйелі геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде көлемі 63,5 млн тонна кенді құрайтын резервтік кен орындарының портфелі қалыптастырылды. Оның құрамында 620,3 мың тонна мыс және 12,9 тонна алтын бар. Бұл қордың елеулі бөлігі мемлекеттік балансқа енгізілді.

Сонымен қатар компания заманауи цифрлық технологияларды белсенді түрде қолдануда. Геологиялық бөлімшелерде кен орындарының үшөлшемді моделін құруға және геологиялық деректі интерпретациялау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін Micromine жүйесі енгізілуде. Бағдарлама бойынша 177 маман оқытудан өтті, болашақта жүйені пайдаланушылар санын 401 қызметкерге дейін арттыру жоспарлануда.

Компанияда атап өтілгендей, Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын кеңейту өңірдің болашағына салынған инвестиция болып табылады. Жаңа қорлар қолданыстағы өндірістік қуатты тұрақты жүктемемен қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің ұзақ мерзімді жұмыспен қамтылуына әрі Жезқазған өңіріндегі тау-кен металлургия кешенінің одан әрі дамуына жол ашады.

Tags: КазахмысҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Келесі жаңалық

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

Visa жасанды интеллектке негізделген жаңа буын коммерциясын дамыту үшін OpenAI-мен серіктестік орнатқанын жариялады

Visa жасанды интеллектке негізделген жаңа буын коммерциясын дамыту үшін OpenAI-мен серіктестік орнатқанын жариялады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

12 марта, 2025
Биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өсті

Ақтөбеде көпірдің астынан студенттің денесі табылды

15 сентября, 2023
Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

14 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.