Мұндай шешім Астанада өткен «Әділет» партиясының II съезінде қабылданды. Бірігу туралы шешімді 613 делегат қолдады. Қарсы дауыс бергендер мен қалыс қалғандар болған жоқ.
Дауыс беру алдында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай саяси партиялардың жұмысына бағаны азаматтардың өзі беруі керек екенін айтты. Сондай-ақ ол партия ішінде өзге саяси ұйымдарға саяси баға беруді дұрыс деп санамайтынын жеткізді.
Съезд қатысушыларының айтуынша, бұл бірігу саяси реформалар бағытының бір бөлігі болады.
Еске салсақ, бұған дейін «Ақ жол» партиясының съезінде Дания Еспаева партия төрағасы болып сайланған еді. Оның кандидатурасын дауыс беруге қатысушылардың басым бөлігі қолдады.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз