---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2026/06/11/%d2%afkimetti%d2%a3-2025-zhyl%d2%93a-arnal%d2%93an-barly%d2%9b-%d3%99leumettik-mindettemeleri-oryndaldy-m%d3%99di-takiev/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев

![Мади Такиев](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2026/06/madi-takiev.jpg)

*Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық көлемде қамтамасыз етті.*

*ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджеттің шығыстары 25,5 трлн теңгені құрағанын, оның 9,3 трлн теңгесі әлеуметтік салаға және 7,7 трлн теңгесі өңірлерді қолдауға бағытталғанын баяндады.*

> «Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған болса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге жіберілді», — деді Мәди Такиев.

Қаржы министрі Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға 30 жатақхана пайдалануға берілді.

> «Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 980,5 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды және жөнделді», — деп атап өтті қаржы министрі.

Көлік инфрақұрылымына да қомақты қаражат жұмсалды. 13 мың шақырымға жуық автожол, оның ішінде 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жол және 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар автожол жұмыстың барлық түрімен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар теміржол және әуе бағыттарын қолдау жұмыстары жалғастырылды.

---

Жарияланды: 2026-06-11T11:05:33+06:00

Жаңартылды: 2026-06-11T11:05:33+06:00

Авторлар: [Анатолий Пак](https://qazaqpress.kz/author/anatolij-pak/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Мәди Такиев](https://qazaqpress.kz/tag/m%d3%99di-takiev/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2026/06/11/%d2%afkimetti%d2%a3-2025-zhyl%d2%93a-arnal%d2%93an-barly%d2%9b-%d3%99leumettik-mindettemeleri-oryndaldy-m%d3%99di-takiev/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.