Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

Анатолий Пак by Анатолий Пак
11 июня, 2026
Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

2026 жылдың 11 маусым күні Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Қуатты өңірлік ғылым — қуатты өңір» тақырыбындағы Президиумының көшпелі отырысы өтті.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Іс-шара Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда және Қазақстан халқына Жолдауларында берген өңірлік ғылымды дамыту, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және адами капиталды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты — Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуындағы өзекті мәселелерді талқылау және өңірдің өнеркәсіп, экология, сумен қамтамасыз ету, геология, энергетика және әлеуметтік саладағы стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау болды.

Көшпелі отырысқа ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Н.Карипбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев (онлайн), ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ж.Дубирова, ҚХР Ганьсу провинциясы түсті металдарды геологиялық барлау басқармасы бастығының орынбасары Лю Юнган, ҚХР Ланьчжоу университетінің Геология ғылымдары және минералдық ресурстар институты директорының орынбасары, профессор Дай Шуан, Қазақмыс корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Ғ.Нұржанов, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының бірінші басшылары, өңірдің ірі өнеркәсіп, бизнес өкілдері мен жетекші ғалымдар қатысты.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде өңірлік ғылымды дамыту — өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық өсімінің негізгі факторы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ғалымдардың 61%-ы мен ғылымды қаржыландырудың 71%-ы Астана және Алматы қалаларында шоғырланған, сондықтан өңірлік ғылымды күшейту уақыт талабы болып отыр.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген «Ашық қолданбалы ғылым» моделі ғылыми зерттеулердің толық циклін қаржыландыруға бағытталған. Бұл модель Үкімет тарапынан қолдау тауып, 2026–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының инновацияларды дамыту тұжырымдамасының құрамдас бөлігіне айналды.

Академия жүргізген форсайттық зерттеулердің нәтижелері бойынша Ұлытау облысында ғылыми күн тәртібі минералдық шикізатты кешенді өңдеу, геологиялық барлау мен металлургияны цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, су ресурстарын басқару және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми сүйемелдеу бағыттарына шоғырлануы тиіс.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ұлытау үшін заманауи аэрогеофизикалық технологиялардың, 3D-модельдеудің және жасанды интеллект құралдарының маңызы ерекше екені атап өтілді. Осыған байланысты Академия Critical Minerals TechNet (2027–2031 жж.) флагмандық бағдарламасының ғылыми-техникалық тапсырмасын әзірледі. Бағдарлама сирек және стратегиялық металдарды барлау мен игерудің ұлттық цифрлық контурын қалыптастыруға бағытталған.

Отырыс барысында Қытайдың жетекші ғылыми ұйымдарымен технологиялар трансферті және тау-кен металлургия кешенін дамыту, геологиялық барлау жұмыстарын цифрландыру, аэро-геофизикалық зерттеулер жүргізу, заманауи барлау әдістерін енгізу, 3D модельдеу, жасанды интеллект технологияларын пайдалану, техногендік минералдық шикізатты қайта өңдеу және стратегиялық маңызы бар металдарды өндіру мәселелері жан-жақты талқыланды. Академия сондай-ақ су ресурстарын жасанды интеллект көмегімен басқару, жаңа материалдар, агробиотехнология және фармацевтика бағыттары бойынша флагмандық бағдарламаларды әзірлеуде.

Көшпелі отырыс аясында Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары мен отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу тетіктері қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуын жеделдетуге, инновациялық шешімдерді өндіріске енгізуге, экологиялық және су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адами капиталды дамытуға және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қарар мен бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

Сондай-ақ, Жезқазған қаласындағы «Kazakhmys Barlau» ЖШС Геологиялық кластері базасында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өңірлік форсайт-орталығы ашылды.

Tags: Қазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанның ұлттық спорт университеті проректоры Александр Нефтисов жаңа подкастта: «Спорт — бұл математика емес, мұнда ойлану керек» деп мәлімдеді

Келесі жаңалық

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі сақталады

29 мая, 2023
Батыс Қазақстанда Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы іске қосылуда

Батыс Қазақстанда Women Entrepreneurship Booster бағдарламасы іске қосылуда

27 апреля, 2026
Алматыда полицей шетелдікті дөрекі түрде итеріп жіберді

Алматыда полицей шетелдікті дөрекі түрде итеріп жіберді

5 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.