Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

Анатолий Пак by Анатолий Пак
8 июня, 2026
Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

Маусым айының алғашқы демалыс күндері Іле Алатауының баурайындағы көк аспан бір уақытта ондаған түрлі-түсті әуе шарлары қалықтаған алып кенепке айналды.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Қазақстан, Германия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан келген 29 әуе шары үшінші халықаралық Qazaqstan International Balloon Festival фестиваліне қатысты. Алдын ала мәлімет бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен келген 30 000-нан астам қонақ қабылданды.

Шараның ашылу күні қонақтар таң алдында сіркіреген жаңбырға қарамастан, ең жақсы көрініс орындарын ерте иеленді. Таңғы салқын әрі жайлы ауа райында, шамамен сағат 7-де аэростаттар алғашқы ұшуларына көтеріліп, аспанды жаздың сан алуан түстерімен жаулады.

«Біз саяхат, табиғат, көңіл-күй және мәдениетті біріктіретін шара ұйымдастыруды мақсат еттік. Қонақтардың әсеріне қарағанда біз бұдан да ауқымды нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Өйткені адамдардың командамыздың басты құмарлығы саналатын әуе шарларымен ұшуға ғашық болғанын көрдік. Фестивалдің өзі – көптеген адамдардың еңбегінің жемісі. Алаңда 700-ден астам адам жұмыс істеді, олардың қатарында жедел жәрдем қызметкерлері, қауіпсіздік мамандары және қызмет көрсету саласының өкілдері бар. Біз әрқайсысына алғыс айтамыз! Қазіргі таңда әлем бойынша әуе шарлары фестивальдерінің қызған шағы болғанына қарамастан, бізге тәжірибелі әрі мықты пилоттар командалары келіп, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады. Сол үшін өзімізді бақытты санаймыз. Біздің көз алдымызда адамдар туған күндерін атап өтті, бала күнгі арманы орындалып қуаныштан көз жастарына ерік берді. Сонымен қатар сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, жүрегі мен қолын беріп, «Иә» деген жауап алған сәттер де болды. Осындай кезде ұзақ дайындық пен ұйқысыз түндердің не үшін қажет болғанын түсінесің», – деді Qazaqstan International Balloon Festival фестивалінің бас продюсері Наталья Расторопнова.

Сонымен қатар бұл фестиваль жай ғана авиациялық шоу емес екенін көрсетті. Әуе шарларының ұшулары арасындағы үзілістерде қонақтар гастрономиялық аймақтарды аралап, ұзындығы 15 метрге дейін жететін түрлі-түсті батпырауықтарды тамашалады, барлық жастағы келушілерге арналған шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысып, серіктестер ұсынған сыйлықтарды ұтып алды. Ал ең кішкентай қонақтар алып батуттарда ойнап, сүйікті кейіпкерлерімен көңілді уақыт өткізді. Қонақтардың қатарында ерекше білім беруді қажет ететін балалар, қайырымдылық қорлары мен әлеуметтік ұйымдардың қамқорлығындағы тәрбиеленушілер де болды.

Кешкі уақытта фестиваль аумағы сүйікті өнерпаздардың жарқын қойылымдары өтетін үлкен жазғы open-air алаңына айналды. Нақты айтқанда, 6 маусым күні арнайы Өзбекстаннан шақырылған DJ King Macarella әсерлі шоу көрсетсе, шараның қорытынды күнінде Miras Zhugunussov пен аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің өнер көрсетті.

 

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Фестивальдің есте қаларлықтай өтуіне пилоттар таңдаған орынның да ықпалы зор болды. Әдетте, әлемде әуе шарлары дәл осындай ауқымды тау көрінісі аясында көтеріле бермейді. Альпілік шалғындар, қарлы шыңдар мен ашық аспанның үйлесімі ерекше көрініс қалыптастырып, көптеген қонақтар оны Каппадокия мен Альбукерке фестивальдерімен салыстырып жатты.

«Қазақстанның Еуразиядағы әуе шарлары туризмінің маңызды орталықтарының біріне айналуға толық мүмкіндігі бар. Республиканың барлық өңірінде ұшу командалары жұмыс істейді, ал табиғи жағдайларымыз бен пилоттарымыздың кәсібилігі халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстанның Әуеде ұшу федерациясының вице-президенті Рахим Қазыбаев.

Жалпы, бұл жоба жазғы маусымды ашатын басты іс-шаралардың біріне айналып, Алматы облысы әкімдігі мен Алматы облысының Туризм басқармасының жан-жақты қолдауымен өтті.

«Мұндай іс-шараларға дайындық бір ай бұрын емес, бір жыл бұрын басталады. Халықаралық әуе шарлары фестивалі Алматы облысында алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Оның жақсы дәстүрге айналып, қазақстандық туристермен қатар шетелдік қонақтарды да тартатынына сенімдімін. Бүгінде саяхатшылар жай ғана көрікті жерлерге назар аудармайды. Олар қайталанбас әсерлерді іздейді. Дәл осындай іс-шаралар заманауи туристік имиджді қалыптастырады», – деді Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы.

Сонымен қатар аккредиттелген БАҚ өкілдері қатысуының арқасында Қазақстан аспанының жарқын көріністері түсірілген фото және бейнематериалдар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының дайджестеріне еніп, фестиваль өтіп жатқан күндердің өзінде Германия, Канада және Ресей басылымдарының беттерінде жарық көрді.

Qazaqstan International Balloon Festival фестивалі аяқталған сәтте көптеген қатысушылар ұйымдастырушыларға келесі фестивальдің қашан өтетінін сұрай бастады. Оның жауабы да айқын секілді.

Егер бұрын Қазақстан саяхатшылар үшін ең алдымен шексіз даласымен және биік тауларымен танымал болса, енді еліміздің тағы бір айрықша символы пайда болды. Ол – Алматының баурайында қалықтаған ондаған түрлі-түсті аэростаттар.

Tags: АлматыҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Келесі жаңалық

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Анатолий Пак

Анатолий Пак

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті
Мәдениет

Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Келесі жаңалық
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов Президенттің нақты секторды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan тарифтері: билетті таңдау және қайтару туралы нені білу маңызды

FlyArystan тарифтері: билетті таңдау және қайтару туралы нені білу маңызды

16 сентября, 2025
Жандарбек Бекшин Алматының «қызыл» аймаққа кіру себебін түсіндірді

Бекшиннің вакцинациядан кейінгі жағдайы белгілі болды

3 февраля, 2021
Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

25 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.